Арманың үшiн ерiнбе,
Қызықпа, оңай, жеңiлге !
Мақсатың алыс көрiнсе де,бұлыңғыр,
Жеңімпаз атан, өмiрде!
"Армансыз - адам, қанатсыз - құспен тең" дейді халқымыз. Армандардың өзі бірте-бірте мақсаттарға айналатыны сөзсіз.Адам бір нәрсені бүкіл ынта-жігерімен, шын жүрегімен қалап тырысып бақса, оның ала алмайтын қамалы болмайды, еш нәрсе қол жеткізе алмайтындай биікте емес.Ал менің өмірлік мақсатым - бақытты болу. Массагетпен алдағы уақытта жеткім келетін бірнеше арман-мақсаттарым жолындағы жоспарларымды тізіп жазып көрдім жəне оған жету үшін бар күшімді саламын.
Біріншіден
Кітап - ақыл өрісін кеңейту, есте сақтау, терең ойлау сияқты қасиеттерді жақсартатындықтан: алдағы екі айда оқуға тиіс 10 кітаптың тізімін жасап, оларды оқып шығу. Жай ғана оқу емес, мағлұмат алу.
Екіншіден
Болашақ мамандығыма нақты қадамдардың бірін басу үшін келесі жылғы ұлттық біріңғылай тестілеуге тарих, əдебиет пәндері бойынша дайындалу.
Үшіншіден
Еске түсіру. 10 сыныптағы мəліметтерді қайталау үшін бірнеше пәндерге постер жасау, бастапқы оқу айында оны қорғау.
Төртіншіден
Анама біржақты қиындық түсірмес үшін, өз еңбегіммен ақша тауып, жинауым керек. Қажет дүниелеріме жұмсау.
Бесіншіден
Шығармашылық ойымды дамыту үшін, жоғарғы оқу орнына түсуіме керегі үшін, ойымда жүрген тақырыптарға мақала жазу.
Алтыншыдан
Спорт- денсаулық кепілі. Спортпен шұғылданып, арықтау(5кг). Қызық естілетін шығар, бірақ, маған керек. Мақсатыма жету үшін денсаулық өте қажет.
Жетіншіден
Алла бұйыртса 11- сыныпты үздік аттестатқа аяқтағалы отырмын. Дайындық көбірек керек. Маған сеніп отырған анам мен ұстаздарымның сенімін ақтауым тиіс! Массагетпен бірге мақсатыма жетемін деп ойлаймын. Алдағы екі айымды бос өткізбей, мейлінше жақсы істерге арнағым келеді."Кемеңгер" тобының алға шығуы- топ мүшелерінің алға жылжуы. Еңбектенуге үйрену керек, жауапкершілікті сезіну үшін! Алдағы уақытта тобымның жеңіске жететіндігіне кəміл сенемін.