"Өмірді сүю керек, сүйген құл боп келген соң..." (байқау)
блог
«Бақытты кезіңде өз-өзіңе тым сенімді болудың қажеті жоқ, ал қиын күндерде сенімділіктен айырылудың қажеті жоқ» - дейді Клеовуд. Шынымен де солай...
Сәлем «Массагеттіктер»! Сәлем «Эрудиттерім»! Ораза айт мерекесі құтты болсын! Жұма мүбәрак болсын! Бүгін таңмен тұрып, шелпек,бауырсақ пісірген едім. Әдетте, анам пісіруші еді. Бүгін өзім ерекше қызығушылық таныттым. Ауыз тиіңіздер!
"Ертең" - өмірдің аса қауіпті жауы. Ісім оңға бассын десең, ертең істелетін істі бүгін бастап қоюға әдеттен. Бұл – ертеңгі күніңе дем беруші, құштарлығыңды арттырушы күш»,- дейді. Аллаға шүкір етемін, мақсаттарым орындалып жатыр. Қазақстан тарихын назарға ала отырып, әдебиетімді де қалыс қалдырып жатқаным жоқ.
«Жәмиләмді » де оқып жатырмын. «Фатиха», «Ықылас» сүрелерін де жаттауға көңіл бөлдім.
Сүйікті басылымдарыма мақалам да жарияланып жатыр. Ауданымыздан «Қаратөбе өңірі » деген газет шығатын еді, сол газетке көрші Разия апамның ем-дом жасайтын арқасы бар кісі екені туралы шағын әңгіме жазғанмын. Сол мақалам шығып, күллі Қоскөл жұрты оқып, Разия апам риза болып, батасын беріп, «Болашақта мен туралы кітап жазарсың, бәлкім!» - деп, мені бір қуантып тастады. Шыны керек, балаша мәз боп қатты қуанып қалды ..! Шыңғыс Айтматовтың «Жәмиләсін» оқып бастағам, алдағы блогтарымда кітап туралы ойыммен бөлісе жатармын.
Мақсаттарыма бір табан жақындаумен қатар, құрбымды «ауызашарға» шақырдым. Біздің сыныптан тек бір ғана қыз ораза ұстаған еді. Суреттегі «Сары қыз». Есімі – Данара. Оразасын бұзбай, 30 күнін тиісті деңгейде ұстады. Ораза ұстамасаң да, ауызашарға шақырудың өзі – ораза ұстағанмен тең, сауабы мол дейді ғой. Данарамен бірге құрбыларымды да шақырғанмын. Басымыз қосылып, шер тарқатып, көкейтесті сауалдарымызға жауап іздеп, көңіліміз бір серпіліп қалды. Суреттегі бесеуіміз де – 2016 жылғы жас түлектерміз!
P\S: Әр адам – бір-бір жұмбақ. «Жұмбақ» достарым жұмбақ болудан жаңылмаңыздар. Армандарыңыз орындалсын!