Оқы, оқы және оқы (байқау)

Оқы, оқы және оқы (байқау)
жеке
блог

Сәлем Массагеттік достарым!
Міне сіздермен алға қойған екінші мақсатымның орындалып жатқаны жөнінде бөлісетін уақыт келді. Алдыңғы блогымда алдыма қойған мақсаттарымды тізбектеп көрсеткенмін. Сонын бірі – ҰБТ-ға дайындалу болып табылады. Ең бірінші дайындығымды бастамас бұрын, кітапханадан ескі кітаптарды алып жинақтадым. Менің таңдау пәнім биология болғандықтан, алдымен осы пәнге қатысты кітаптарды қарастыратын боламын.


Дайындығымды 6 сынып оқулығынан бастадым. Бұл кітаптан әр тақырыпша бойынша сауалнама құрастырдым.

Ең мақызды деген жерлерін дәптеріме жазып алып отырдым. Бір апта көлемінде 6 сынып кітабын бітіріп, 7 сынып кітабын қайталауға көштім. Мұнда ең маңызды деген жерлерін жазып алып, жаттаудамын. Және де тақырып бойынша сауалнама құрау басты талаптарымның бірі. Бұл өзіме өте тиімді әдіс.

Қазіргі кезде жануарлар дүниесін қайталаудамын.Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар(ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. 

Аптасына 2-3 рет сұрақ кітапшаларын орындап жүрудемін. Оларды орындап қоймай, тексеріп, талдау жасап отырамын. Қателерімді шығарып, олардың дұрыс жауабын іздеп, жаттаудамын.

Бұл менің екінші алға қойған мақсатым болатын. Алдағы уақытта да сіздермен бірге боламын!!!