Оқушы көзімен...
блог
4. Мен әуесқой фотографпын. Жақында "EXPO-2017" көрмесін тамашалауға барып қайттым. Алған әсерім ерекше. Суретке түсіріп жүрудіде ұмытпадым. Алдағы күндері суреттерімді өңдеп бір фоторепортаж дайындасам деймін.
"Бала көңіліңнен айналдым сенің! Ең көп мақсат қойсаң да, барлығын толық орындайтыныңа сенімім зор!"- деп сенім білдірген жетекшіміз бізге үнемі қолдау танытып отырады. Кемеңгерліктер мотивацияны қайдан алады деп ойлайтын шығарсыз, иә?! Әсел апайдың жалынды сөздері бізге жігер беріп, алға тартып отырады.
Ендеше, Астана қаласына оқушы көзімен шолу жасаңыз
100 оқушы, 8 жетекші, 2 дәрігер. Бәрі жайлы орынға жайғасқылары келіп бірін-бірі итеріп әлек. Кондиционері бар, жайлы автобустың жүргізушісі бізді "Орал теміржол вокзалына" жеткізіп салды. 3 күн, 2 түн пойыздағы өмірге үйреніп алдық. Астанадағы алғашқы күніміз теңселумен өтті.
Қаланы аралауды ауылдан бастадық. Суреттегі теріс жазулар "Ethno music hall", яғни Этно-музыкалық концерт залы. Ал қазақы нақыштармен өрнектелген киіз үйден шығып келе жатқан Венгриялық азамат. Алғашқы күні этно-ауылға барып Мажарстаннан келген концерттік бағдарламаның куәсі болдық. Уақыт шектеулі. Сондықтан, 4-5 әуенді рахаттана тыңдадық. Енді шыға бергенде, "Дәридәшім-ау" шырқалып, Венгриялық әнші арулар қазақ тілінде ән салды. Біз мәзбіз. Уақытты тоқтатып қойып ән тыңдай берсек деп армандап кеттік.
Этно-ауылда қызық таусылар емес. Келер-келместен ауылымды сағынып кеттім.
Қара домбыраны қолына алып, ұлттық нақыштағы киім киген қыз бен жігіт қазақ даласының дархандығына тәнті болып тұрғандай көрінді маған.
Шынымен ауылда жүргендей еркіін жүрміз ғой шіркіін...
Рухани байып, жан дүниеміз тынышталып, рахаттанып Астана қаласының әсем жерлерін аралауға шықтық.Ауа-райы керемет. Күн шуағын төгіп, самал жел соғып жанға жайлылық сыйлады.
Күн шуағын төгіп тұр. Көңіл күйімізге Астанының ауа райы әсер етпеді. Теңселуді қойып , аяқ талғанша қыдырдық
Мәңгілік ел қақпасы алдындамыз. Астана гүлденген қала
Астанаға келгендегі басты арманымыз Бәйтеректі көру. Арманымызға асығып ерте келіп алыппыз.Бәйтеректі әлі ашпапты, жөндеу жасап жатыр екен. Көңілдегі мұңды қанша жасырғанмен болмады. Қаланы аралатып жүрген Абай аға "Ертең ЕХРО-да бұдан да әдемі жерлерді аралайсыңдар",-деп жұбатып қойды.
Түсірейін десем әдемі жерлер өте көп, әттең көшеде телефон, фотоапарат қуаттандыратын орын жоқ.
Күніге қаланы араладық. Кеш түсіп қалды. Кешкі ас уақыты болды. Бір күніміз қалай зулап өте шыққанын байқамай қалдық
Бүгін ерекше қуанышпен ояндық. Астанадағы екінші күн. Керек-жарағымызды жиып, куәліктерімізді қолымызға алып қалашыққа беттедік. Несін айтайын?! Талай тексерістен өттік. Алдымен куәлігіңе бір, өзіңе бір қарап бірінші тексерістен өткізеді. Кейін билетті көреді. Ирелеңдете ораған қызыл лента бойымен өтіп шыққанша 2 минут кетеді. Кейін ҰБТ тапсырғалы жатқан түлектей, қалтаңдағыны, сөмкеңдегіні түгел ақтарады. Жолсөмкемнің ішінде барлық оқушының құжаттары бар болғасын апайға қалдырып кеткен едім. Кіре сала корейлермен суретке түсіп даурығып жатсақ апай шақырып алды. "Сөмкеңде сонша не бар, мені өткізбей қойды ғой",- деп күлді.
Әрі қарай қуанышымды сөзбен де, суреттермен де жеткізе алмаймын. Техникаға сенім жоқ. Ол бір мінезін білмейтін шадыр атқа мінгендей, қашан тулап мені түсіріп кетер екен деп, тақымыңды қатты қысып отырғандай. Ойда жоқта өшті де қалды.
Соңғы күн. Кешегі күннен алған әсерден әлі арыла алмай жүрміз. Астананы екіге бөлген Есілдің үстінде келеміз. Су үстіндегі саяхат жаныма ерекше жайлылық сыйлады. Бәрін ұмытып кеттім. Қанша уақыт өткенін де білмеймін. Әйтеуір ерекше сезімдемін. Жан Астананы қимай келетіндеймін. Әлі күнге дейін есімде. "Пойызға үлгермесек нестейміз? Осында қалып қоямыз ба?" - деп үлкен басыммен күлкіге қалдым. Шынымен кеткім келмеді.
Ал сіз Астанада болдыңызба? Қандай сезімде болдыңыз?