Талайға үлгі болған Ұлпан бейнесі әлі көз алдымда.Бар болмысымен көптің көңілін баураған анаға қарап талайлар бет түзері хақ. Горькийден аударма жасаған «Адамның анасы»., «Ашынған ана», «Өлімді жеңген ана», «Ана кесімі айнымайды», «Ер ана» әңгімелері туралы айтар болсам бөлек әңгіме.
«Адамның анасы» әңгімесінде таршылықта,жалғыздықта қалған ананың бауыр еті баласына деген мейірімін сипаттаған. Тағдырдың тәлкегі балаға деген махаббатына кедергі болмады. Автор айтқандай «адамның анасы болу әсте оңай емес»!
«Өлімді жеңген ана». Бұл әлемді жаулап алған Әмір Темірдің ана алдында бас иетіндігінің айғағы. Әмір Темірдің өзі туғаннан анасыз қалмап па еді? М.Шахановтың осы жайлы өлеңін оқыған шығарсыз. Патшаның алдын кесіп өткен Әмір Темірдің анасын әскерлер жағдайына қарамай қарумен түйгіштеп кеткен болатын. Міне, содан болса керек туылмай жатып-ақ Әмір Темірдің тағдырға деген базынасы бар болған. Ананы ерекше сыйлауының сыры осы болар, бәлкім... Әңгімеде айтылғандай жалғыз ұлы Жәңгірдің ажал құрсауында кеткеніне мәңгі өшігіп ажалмен ерегесе түскен. Осы сәтте өз баласын шарқ ұрып іздеп келген ана қайсарлығымен Әмір Темірді жеңді.
«Ана кесімі айнымайды». Ананың көңілі қалғаннан жаман не бар мына жалғанда? Өз баласына деген сезімі суып,жек көріп кетуі мүмкін бе? Жоқ. Ана баласын жек көрмейді. Бірақ, сатқындыққа берілген жаза осылай болды. Мария ананың туған өлкесіне жауыздықпен қараған баласын жазалағаны дұрыс та шығар.
Ананың құдіреттілігін сезіндіре білетін осы бір әңгімелерді әр қазақ оқуға тиіс деп ойлаймын. Және де данаға да, алыпқа да өмір сыйлайтын ананы құрметтеу бәрімізге парыз. Оқыңыз, ой түйіңіз!