Інісі бардың- тынысы бар (байқау)
блог
Жаз мезгілін ең көп күтетін, бастарына қызық іздеп, үнемі көрсем, білсем деп жүретін жандар- балалар. Әй-шәйға қарамастан өздеріұнатқан нәрсені жасамай қоймайды. Жаңа нәрселерге құмартып, бәрін байқап көргісі кеп жүреді. Сол себепті менің "оригами жасап үйретейін бе?" деген сауалыма інілерім алдымен алақайлап келіскенімен, кішкенеден кейін: "Оригами деген не? Оны қалай жасайды? Кім шығарған оны сонда?" деген сұрақтарды жаудырмасы барма. Сол себепті, жұмысымызды бастамас бұрын, сауалдарының жауабын тауып, түсіндіруіме тура келді. Оригами жапон тілінен аударғанда "бүктелген қағаз" деген мағынаны білдіреді. Аты айтып тұрғандай қағазды бүктеу арқылы, желімнің көмгінсіз әр- түрлі фигуралар жасау өнері. Алғаш пайда болған жері, немесе Отаны- Қытай елі болып табылады.
Негізі оригами жасауда тәжірибем аздау. Себебі оның тек екі-ақ түрін жасап білемін. Оның бірі кішкентай кезмізден жасайтын, жаңбыр жауғанда, қар еріп, жылғалар пайда болғанда ермегіміз болған- қайық. Тіпті оны жасауды кім үйреткенін де ұмытып қалыппын. Әйтеуір, ес білгелі қайық жасай аламын. Ал, екіншісі- мектепте жүріп, тентектіктен не бүлдірерімізді білмеген кезде көмекке келген бұйым. Ол- бақа. Иә, сабақ кезінде қағаздан бақа жасап, үстіне суреттер салып, ат қойып, жарыстырып ойнайтынбыз. Қаншама "бақамыз" апайлардың сөмкесінде кетті. Бұл жолы ол "бақаны" біз емес, мұалімдердің өздері салатын)) Айта берсем қызық таусылмас. Балалық шақ қайта келмейдіғой, менде бүгін сол інілерімнің тым болмаса бір күні пайдалы, қызықты нәрсеге арналсын деген оймен осы істі бастадым.
Басында бәрі жақсы басталды. Екі інім (негізі үш інім бар)- Ахмед пен Расул жаныма келіп, қажетті заттарды дайындап, жасағымыз келген бұйымдарды ғаламтордан іздеп тауып, іске кірісейін деп дайын отырмыз. Енді суретке түсейік десем, кіші інімнің түспеймін деп қашпасы барма. Ай, бірақ, соңында түсіріп алдым)) Жарайды, мен өзімнің әңгімелерімді жаза бердімғой. Енді не жасағанымызды айтайын. Қайық пен бақа жасауды олар жақсы біледі. Сондақтан жаңа нәрсе үйретейін деп ойладым. Ақыры таңдауымыз тырна мен көбелекке түсті.
Жақсы қылып барынша жасадық. Соңына таяғанда екеуі де: "Апатай, енді қалғанын ертең жасайықшы. Қиын екен. Ертең оңайын тауып қойшы" дегенде күлкіден шегім тартылдығой. Бар қолдарынан келгенше тырысты, қағаздары майысып, ең соңында әйтеуір құсқа ұқсас, көбелекке ұқсас нәрселер шығарды))
"Бала, баланың ісі- шала" дейдіғой. Екі- үш жасаған соң жақсы игеріп кететіндеріне сенемін. Енді ертеңгі күнімізге де жақсы жоспарлар құрып қойдық. "Інісі бардың- тынысы бар". Осындай алғыр, зерек інілерім барына мақтанамын! Өздері үлкен адамдар сияқты қабақтарын түйіп алып, жұмыстарын жасағанда мен олардың апасы емес, қарындасы сияқты сезініп қаламын))) Эх, сонымен тағы да бір керемет күн артта қалды, тағы да бір мақсатым орындалды! Рақмет саған, Массагет!