Арма, ағайын?! Межеге жету жолындағы қадамдарым сәтін салып оңтарылып келеді. Бөлісе отырайын дедім.
Мақсат- жетістік желкені. Массагетпен бірге жүзеге асырылып жатқан мақсатым белгілі бір нәтижесін берген сайын қуанышқа бөлеуде. Осы үшін сіздерге алғысымды жеткізгім келеді.
Жақсы жаңалығым бар! Көлік жүргіздім. Кәдімгідей.10 күн бойы жолда жүру ережелерімен танысып, видеоларды қарадым.Шыны керек, бұрын жол белгілерін жаттағанмын, қайталағаным артық болмады.Көлік тізгінін дұрыс ұстаймын-ау, тек аяғымның дірілдегенін айтсаңызшы! Процесс аяқталды, менің езуім құлағымда! Қуанған күйі нәтижеммен бөлісуге беттедім. Алдағы уақытта мүмкін болса, видео жүктеп, көзайым етемін.
Ыыыыы, тест тапсырмаларын да бірааааз жерге сүйреп тастадым. Егер, әдебиет пәні сіздің де таңдауыңыз болса, онда меңгерудің оңай жолымен бөлісе кетейін. Ең алдымен, пәндік тест сұрақтарын жауаптарымен қоса жаттаған едім. Менің нұсқаулық кітапшамда сұрақтар тақырып бойынша бөлінген. Осы орайда, 5-10 сыныптың қазақ әдебиеті кітаптарын, «ШЫҢды» бірге қолданудың көмегі орасан екенін байқадым. Яғни, нұсқаулықтан бір тақырып таңдай отырып, сол бөлімді кітаптан да, ШЫҢнан да қарап шығамыз. Пайдасын сіз де біліп отырған боларсыз, тоқталмай-ақ қояйын.
Ал, қолөнерге келер болсақ, міне, назарларыңызға ұсынамын.