МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНІНЕ - 125 ЖЫЛ

Қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай әдеби-танымдық кеш өтті. Мақсаты — әлем таныған ұлы жазушының шығармашылығын талдау, өскелең ұрпаққа насихаттау.
Мұхтар Әуезов әлемi дейтiн кең дүниенің жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес. Оны терең танып, жан-жақты талдау – әр дәуір, әр ұрпақтың киелі мiндеті.
Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйретедi! Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер.
Кемеңгер жазушының шығармашылық мұрасы алуан түрлі және кең ауқымды. Мұхтар Әуезовтің мерейтойына орай ұйымдастырылған әдеби-сазды кеште ауыл тұрғындары заңғар жазушы шығамаларынан үзінділерді мәнерлеп оқып, көрермендердің көңілінен шықты. Кеште Мұхтар Әуезовтің сүйікті Абайдың өлеңдеріне «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері айтылып, халық әндері мен күйлері орындалды.
Іс-шарада жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы деректі фильмдерден үзінді көрсетілді. Қатысушылар бейнематериалдарды тамашалай отырып мол мағұлматтар алды. Қаламгердің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясынан театрландырылған қойылым көрсетті. Іс-шара соңында ұлы жазушыға арналған қазақ ақындардың өлендерін оқыды. М. Әуезовтің өмірбаяны, шығармалары бойынша викторина ұйымдастырылды. Көрермендерге тау тұлғаға байланысты сауалдар қойылды. Кеш барысында кеш қонақтары үлкен қызығушылық танытып, тақырып төңірегінде білімдерін көрсетті.



Бөлісу: