Миллионердің қызымын (БАЙҚАУ)

Сәлем, Массагеттік  достар!

Мен,  Жандарбек  ЖҰМАҒҰЛОВ  жетекшілік  ететін  «БАСТАУ»  тобының  мүшесімін.Өзім жайлы  толық   ақпарат  айтар  болсам;

 

Ес  білгелі  айналамдағылар «Көркем  фильм»  деп атайды. Есімім де,өзім  де  - Көркем. Вконтакте  желісінде   Болат деп  әкемді  тегіме   жазғаныммен, Жұмахан  деген  кісінің  немересімін. Менің  қай  қаладан  екенімді  инстаграмдағы  парақшамнан  аңғарасыз (syrdyn_kyzy).

 

Өмірді  өлең  деп  түсінемін. Өмір жазылу,өлең  сүрілу  керек!

Кітап оқу  сүйікті  ісім  болғанымен,өзімді  «кітапқұмарлар»  қатарына  жатқыза  алмаймын. Дегенмен, «Дулаттанушымын»  десем артық  болмас. «Қарғынды»  қанша рет  оқыдым  екен.Тіпті  санап  көрмеппін.

Әдебиетте  бөліп жаратыным  жоқ.Қазақ,орыс,т.б. Бәрін сүйемін! Шет  елдің  тәржімасы әрине. Әр  ғасырдың  «сойқандарына»  деген  құрметім ерекше. 

 

Досқа  ерекше  құрметпен   қараймын.Адал досқа  екі есе!

Қыз  баласына  тән  барлық  шаруаны  ұқыпты  жасауға  тырысамын. Тамақ  жасағанда  тұзын  кем  салғаннан   артық қылғанды  ұнатамын. Бұл  «біреуді»  сағынды  деген  сөз емес. Ащы тағам,ащы  дүниелер  ерекше  ұнайды. Сол  сияқты  кез-келген  мәселеде  оңай  жағына  емес,қиын  жағын  қарастырып  тұрамын.

Үлгі тұтатын адам. Іііі, біреуді  үлгі  тұтсаң,еліктеушілік  пайда  болатын   секілді. Дегенмен, өзіндік  менің  жоғалмауы  тиіс. Заманның   заңғары  Мұхтар  Шаханов менің  де  бетке  ұстар адамым.

Ұстанымым: «ЕҢБЕК – БӘРІН ДЕ  ЖЕҢБЕК». Жалқаулықпен  күресіп  келемін.Уақыттың  қатыгез  дос екені  белгілі  ғой. Сынаптай  сырғыған  өмірде  жалқаулықты  серігім  еткім  келмейді. Өмір сүргім келеді және  өмірді  сүйемін!

Осы  ретте  Бразилиялық  ақын,жазушы  Пауло Коэльонің  мына  бір  сөзі  ойға оралады.

« Шеш. Өзгер. Алға ұмтыл. Ойлан. Тәуекел ет. Құласаң, тұр. Әрекет қыл. Қағидадан бас тарт. Жетістікке жет. Арманда. Жаңалық аш. Сен. Тоқта. Өзіңді тыңда. Есей. Жең. Өмірге ғашық болып өт. »
Айтқандай,ешқандай  миллионердің  қызы  емеспін! Әкем  кәдуілгі  көлік  жүргізушісі,анам – тәрбиеші. Олардың  берген  тәлім-тәрбиесі,мейірімі, төрт баланың  еркелігіне  шыдап,аяққа  тұрғызғандары  үшін  олар  ең  бай  адамдар. Ал,мен ең  бақытты пендемін!

Байқауға  қатысудағы  мақсатым – жаңа  достар  тауып,уақытты  тиімді  өткізу. Блог  жазудағы  аз-кем  қателіктерді  түзеп,тәжірибе   жинау.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Бөлісу: