Менің мәзірім (байқау)

Менің мәзірім (байқау)
жеке
блог

Байқауға қатысушылардың барлығына арнайы тапсырма берілген болатын. Маған берілген тапсырма өз мәзірім бойынша тағам әзірлеу. Мен бүгін салат жасадым.

Өз салатымнымның тарихын айта кетейін. Шамамен XX ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл салатты ( ащыма тұщы) деп атаған екен. Осы кезде бұл салатқа қызанақ пен пияз және тұз ғана қосылыпты. Бертін келе салатқа қияр қосылып қызанақ пен қияр салаты деп те аталды. Бүгін мен осы салатты түрлендіргім келіп отыр.

Құрамы:

Қызанақ - 3 дана

Қияр - 2 дана

Болгар бұрышы - 2 дана

Пияз - 1 дана

Сарымсақ - 1 дана

Аскөк - 1 бума

Тұз - 1 кішкене қасық

Қызыл бұрыш - кішкене қасықтың 4/1 бөлігі

Қара бұрыш - кішкене қасықтың 4/1 бөлігі 

Ащы  бұрыш - 1 дана

Алдымен  көкөністерді  жуып  тазалаймыз. Көкөністер мен жеміс-жидектерді  жуып  жейтін  болсақ  көптеген  аурудың  алдын  аламыз. Денсаулығымыздың  мықты болуы  да  тағамдарды  таза  тұтынуымызға байланысты.

 

Келесі  кезекте  барлығын  тураймыз. Қалай турасаңызда  өз  еркіңізде, бастысы  тым  үлкен  немесе  тым  кішкентай  болып  кетпгені  жөн.

Енді  барлығын  кезекпен ыдысқа  салып  қызыл  мен  қара  бұрышты  және  тұзды араластырамыз.

Дайын  болуға  шақ  қалды. Тәрелкеге   салып аскөкпен әрлейміз. 

 

Қалай  әрлесеңізде өз  еркіңізде. Себебі  әрбір  адамның талғамы әртүрлі. Дастарханға  ұсынуымызға болады.

Астарыңыз  дәмді болсын!