Менің жасыл желекке саяхатым. (Байқау)

Менің жасыл желекке саяхатым. (Байқау)
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, массагет және оның оқырмандары! Жақында ғана кішігірім саяхат жасап қайттық. Сондағы суреттерді сіздерге көрсеткім келіп еді. Ал ендеше, тамашалап, бағасын беріңіздер!

Біз ең алдымен Көсайға бардық. Суының түсі әдемі, көлдің жан-жағында қарағайлар бар. Өте тамаша көрініс болды. 

 

Жасыл шөп, таза ауа, сылдырлаған бұлақ... Қарасаң, көзің тоймайды. Жайлаудағы әрбір зат жанға шипа. Жасыл төбенің үстінде таза ауа жұтып, төмендегі қой, сиыр, жылқылардың жүріс-тұрыстарын бақылап жатқан қандай ғажап десеңші?! Құлындардың  жүгірісіп ойнағаны, ешкі-қошқардардың сүзіскені, ар жақтағы күшіктер де бұлардан қалмай бір-бірлерін тістесіп ойнағаны, бәрі-бәрі қайталанбайтын таңғажайып көрініс. 

Мен де осы ғажайып көріністердің куәсі болып қайттым. Қымыз, саумал ішіп, біраз сергіп қалдым. 

Кеген жайлауындағы суреттер:

 

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.

Біз М.Мақатаев көзі тоймай кеткен жер Қарасазда болып қайттық. Өзі айтқандай, табиғаты сұлу, әсем жер екен.

М.Мақатаевтың музейі.

Блог және суреттер ұнаса, лайк басып, пікір жазуды ұмытпаңыздар=)