Менің достарым- мен үшін қымбат асыл тас... (байқау)

Менің достарым- мен үшін қымбат асыл тас... (байқау)
жеке
блог

Достық ол алтыннан қымбат, гауһардан бағалы- асыл зат. Иә, достықты сатып алу мүмкін емес. Мен аз ғана уақыт ішінде бірнеше дос тауып үлгердім. Әрине, олармен бұрыннан таныс адамдардайнімен бір топтағы құрбыларым. Ол құрбыларымды осы байқаудың арқасында таптым. Ең алғаш байқау жайлы сойлескен күні- ақ бұрыннан таныс құрбылардай сөйлесіп кеттік. Қазір бір-бірімізге көмектесу күнделікті әдетімізге айналған.Олардың арасында жасым кіші болғандықтан оларды әпкемдей көоремін. Олар менің өтінішімді жерге қалдырған емес, әсіресе Ақбаян. Үнемі маған көмектесіп отырады. Саламат болса, әрқашан    ақыл кеңесін аяған емес. Астанай маған сыпайы, ақкөңілділігімен көңіліме жақын көрінді. Айнұр ол өте мейірімді, әрқашан көмектесуге дайын тұратын қыздардың бірі. Фарида өте еңбекқор сол арқылы Фаридадан көп нәрсені үйрендім. Алтынайдың өте білімді қыз. Блог жазу немесе басқа да тақырыптар жайлы білмесең ойын айтып, ақыл қосуға әрқашан дайын тұрады. Арайлым ұйымшыл қыз. Бәрін бірдей жанына жақын көреді, өте өнерлі қыз. Тобымыздың ең кішкентай мүшесі Кәусар. Ол өте ақылды қыз, ең алғаш күннен бастап бізді таң калдырып келеді. Осындай құрбыларымның арқасында біздің топ алдыға шығып бәрін басып озады.