Менің атым – Қырмызы(Байқауға)

Түрік  жазушысының  осы  бір  романы көп  кітаптың  арасынан сурылып, "мен мұндалап"  тұрды. «Мен оқимын, оқуым керек»  деген  ой  санамды  жаулап  алды.

 

Орхан Памук  -  болмысы  бөлек  жазушы. Мұны  кітаптың мазмұнындағы 59  бөлімнен  тұратын тақырыпшалары  қызықтырды. «Мен өлген адаммын» деп  басталатын шығармада «Менің атым Қара», «Менің  атым-Естер», «Мен – Шекуремін», "Мені  Зәйтүн  деп  атайды",  "Мен жезделеріңмін"  деген  бөлімдер  бірнеше  рет  қайталанған. Оқиға  нақышкер  Зафир  Ефендінің  жұмбақ өлімімен   басталады. Қылмыскердің  кім  екенін  білу  үшін  жоғарыда  айтылған бөлімдерді  оқып шығу керек. Ыстамбұлдың  тар көшелерінен  орын  алған шым-шытырық   уақиғаларды баяндап  жазады.Бір қызығы – роман 1951  жылы қыстың   тоғыз  күнінде  болған оқиғалармен  қамтылған.

Тағы  бір  ерекшелігі  сурет  өнерінің ғажайыптарына  тоқталады.Барлығы  өз даусы,бейнесімен суреттеліп,  өлілерге,заттарға  тіл  біткен,өнер,махаббат,отбасы  мен  бақыт  төңірегінде  жазылған   кітап  оқырманның  көңілінен  шығатынына  сенемін.



Бөлісу: