• 521.98
  • 490.7
  • 5.16

Мен туралы білгің келсе (байқау)

Мен туралы білгің келсе (байқау)
жеке
блог

Армысыздар! Мен өзім туралы қысқаша айтуды жөн көріп отырмын.Мен Аққалиева Әсел Ерболатқызы. Атырау қаласы Құрманғазы ауданы Сафоновка селосының тұрғынымын. 2001 жылдың қазан айының 14-ші жұлдызында дүниеге келдім.Бір әпкем, бір сіңілім, екі інім бар. Кіші жүз рулары арасынан 12 ата Байұлының "Алаша" руынанмын.Анамның есімі - Айтолқын. Әкемнің есімі - Ерболат. Әкем шағын мал шаруашылығымен айналысады. Төрт-түліктің ішінде жылқы, сиыр, қой асырайды. Маған қой жануары өте қатты ұнайды. Сондықтан мен жазғы демалысымды қой бағуға арнаймын. Мен ата-анамды қатты жақсы көремін. Ата-анам мені кішкентай күнімнен бастап-ақ еңбекқор болуға, алдыма қойған мақсатыма жете білуге тәрбиелеп баулыды. Ата-анама мендей ару қызды өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсіргені үшін мың алғысымды білдіремін.

.

Бұл байқауға қатысқан себебім өзімнің алға қойған мақсатыма жете білу, өзімді сан алуан қырымнан таныта көрсету.Өмірлік ұстанымым Шәкәрім атамыз айтпақшы «ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, шын бақыт осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің». Яғни менен кейінгі іні-сіңілілеріме ғибрат аларлықтай іс қалдыру.Мен Жансая Әбдімәлік Даниярқызына еліктеймін. Ол өте әдемі, ажарлы әрі шахмат ойынының майталманы. Менде шахматты жақсы ойнап, шахматтан спорт шебері атанғым келеді.Мен ашық түстерді жақсы көремін. Мысалы:сарыашық көкашық қызылашық жасыл т.б түстер.Бұл байқаудан мен мол тәжірибелер жинағым келеді. Мақсатыма айқын жете білуді үйренермін деген ойдамын.Мен негізінен спортпен шұғылданғанды өте қатты жақсы көремін. Спорттан көптеген сайыстарға қатысып жүлделі орындарды иелендім.    

.

.

Мектеп бітірген соң заңгер мамандығына түспек ойым бар. Еліміздегі құқық бұзушылықты жойғым келеді. Мен елімнің ертеңімін. Елім көркеюі үшін қолымнан келгеннің бәрін аямаймын. Мен өз елімнің патриотымын. Алдағы уақытта Массагет порталына өлең-жырларды мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныс білдіремін.

Тәуелсіз Қазақстан ұланымын,

Бабалардың жалғасы жыр-әнімін.

Аққали атаның мен ұрпағымын,

Көк аспанға көз тіккен қыранымын.Мен  осы байқауда топ жетекешім ретінде Гүлжанар Жарқынбекқызын таңдадым. Мен аты ерекше «Кен» тобының мүшесімін. Біздің топта қызығушылығы ерекше қыздар өте көп. Сондықтан жеңіске жететінімізге толықтай сенімдімін. «Кен» тобы алға, биікке самға!




Бөлісу: