Қызылорда облысы ОІІД ЕБҚКБ
тарапынан жарияланған сайысқа
Мен саған есірткі жайлы айтып берейін...
Менің жасым 12-де. Мен достарымды, ата-анамды, бауырларымды , мектебімді жақсы көремін. Мектепте білім алғанды, спортпен шұғылданданғанды, таза ауада серуендегенді, жазғы жасыл жапырақты да, қысқы аязды күннің бет шымырлатқан аязын да жаным сүйеді. Бәлкім, содан да болар, мен нашақорлыққа қарсымын. Өз құрбы-құрдастарыма да соны айтамын, салауатты өмір салтын насихаттауға шақырамын. Себебі, есірткі –улы зат, оны қолданған адам денсаулығы қайтып қалпына келмейді. Соны біле тұра, жасөспірім балалар үлкендердің немесе құрдастарының айтқанына сеніп, үгітіне көніп қалады. Жас баланы дегеніңе көндіру, әрине қиын емес. Сондықтан есірткі бизнесімен айналысатындар жасөспірімдер арасына өз адамдарын әдейі жіберуі мүмкін. Олар әуелгі кезде есірткіні тегін таратып, балаларды алдайды. Ал жас баланың ағзасы уытты қабылдап, оған үйренісіп алады. Осылайша, есірткі таратушылар нашақорлар санын көбейте бастайды.Өзінің есірткінің дәмін татқанын «есейгендік»,«ерлік» деп санайтын жастарға нағыз ерлік ешкімнің жетегінде кетпей, өз өміріне жауапкершілікпен қарау, дер кезінде «Жоқ!» деп айта білу дер едім. Менің мектептен, теледидардан, ақпарат құралдарынан естуімше, кейбір арам пиғылды адамдар есірткіні пайда табу үшін ойлап шығарған. Олармен күндіз-түні құқық қорғау органдары күрес жүргізуде. Біз де жас болсақ та, осы күресте үлесімізді қосуға тиіспіз. Ол үшін жақсы оқып, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын насихаттауымыз керек. Өзіміздің спорттағы жетістіктерімізбен мектебіміздің, туған жеріміздің мерейін өсіруіміз қажет. Дені сау азамат болып өссек, еліміз де күшті болмақ. Достар, зиянды әдетке бой алдырмайық!
№ 273 орта мектебінің 6 «А» сынып оқушысы Алмашов Ұлан