Мен саған есірткі жайлы айтып берейін

Мен саған есірткі жайлы айтып берейін
жеке
блог

ммм                                                                         Қызылорда облысы ОІІД ЕБҚКБ

                                                                         тарапынан жарияланған сайысқа

 

      

                       «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...»

 

    Есірткі  мен уытты заттар  тек қоғамымыздың ғана проблемасы болып отырған жоқ, әсіресе  жастар мен жасөспірімдер арасындағы үлкен мәселеге айналып отыр. Өйткені,  есірткінің зияны жоқ деген  өзгелердің үгіт-насихатына  15-20 жастағы жастар тез құлақ асқыш келеді. Жасөспірімдер нашақорлық жолға түрліше себептермен түседі. Кейбірі, тыйым салынған заттың дәмін татып көргісі келеді, кейбірі күнделікті өмірдегі  адамдармен қарым-қатынастағы  кикілжің тудырған жәйтерден уақытша болса да арылғысы келсе, үшінші біреулер есірткі қолдану арқылы өзінің «ең мықты» екенін дәлеллдегісі келіп жатады. Нашақорлыққа салынудың тағы бір салдары – ол жалғыздық, адам жанын түсінбеушілік деп те ойлаймын. Алайда, қандай жағдайда да есірткіге елтіп, уытты заттарға бой алдырмауға болады ғой. Ол үшін бірнеше дәлелім бар. Біріншіден, улы заттар адам ағзасына кері әсерін тигізіп, денсаулыққа зиян келтіреді. Біреудің қолданған инесін салу арқылы адам түрлі жұқпалы ауруларды жұқтырары сөзсіз.

Екіншідіен, есірткі біздің жақын-жуықтарымыздың, достарымыздың, отбасымыздың өміріне кесірін тигізеді.Нашақордың күнделікті өмірі өзгереді, бар тілегі- есірткі алу болғандықтан, ол адам ұрлыққа, құқық бұзушылыққа барып, бірте-бірте азғындық жолға түседі.Адам нашақорлыққы салынып, ата-анасын, туған туысын, дос-жаранын ұмыта бастағанда оның айналасындағылар қолдан келер қайранның болмағанына қайғырып, кімді кінәлараын білмей жатады.  Ал, баласының көз алдында құрдымға кетіп бара жатқанын, күйреуін көру ата-анаға қандай күйзеліс әкеледі десеңші!

Бәрі «әншейін шөпте тұрған не бар» деп тартып көруден басталады. Зиянсыз шылымның болмайтыны секілді, зиянын тигізбейтін есірткі болмайды. Сондықтан достарыма айтарым: сенің өміріңдегі ешқандай оқиға, мейлі ол сәтсіздік болсын, есірткіге алып келмеуге тиіс. Нашақорлық – адамды ажал құштырады. Біз үшін ең қымбат нәрсе – өмір!

 

 

 

 

                    № 273 орта мектебі Сарыбеков Мадияр 8 «А» сыныбы