"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"

"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"
жеке
блог

         «Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

                     

                        «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

 

Бала ұяда не көрсе ұшқанда соны ілерсің  демекші, балаға ата-ананың да, мектептің де берер үлгілері көп. Біз, мектеп оқушылары, ата-аналар тарыпынан, ұстаздарымыздың тарапынан берілген тәлім  тәрбиені бойымызға сіңіре отырып, жаман әдеттің шырмауына түсіп қалудан аулақ болайық!

Кейбір жастарымыз жаман әдетке бой алдырғанын жастық желікпен сезбей қалып жатады. Нашақорлыққа, есірткіге әуестік көбінесе жастар арасында орын алатыны сондықтан. Нашақорлыққа әркім әр түрлі себеппен түседі. Біреу барлықтың буымен келеді, біреулері  басына түскен ауыртпалықты, отбасындағы жайсыз жағдайларды  осы жолмен жеңеді, оның ең сорақысы –алаяқтар оң-солын танып білмеген жастарды өз мақсатына пайдаланып, есірткі қолдануға  итермелейді. Сондықтан есірткінің адам өміріне, одан кейін қоғамға тигізер зияны өте көп екенін ұғынуымыз керек.

Айналаңа қарашы! Мына өмір неткен ғажап! Осы өмірде өз арманымыз бен мақсаттарымызға қол жеткізейік! Білім алып, өзіміз армандаған оқу орнын бітіріп, маман иесі атанып, алақанына салып өсірген ата-анамыздың, ұлы Отанымыздың алдындағы перзенттік борышымызды өтеуіміз керек емес пе?! Пайдалы іспен айналысып, адал еңбек етуге ұмтылайық!

Менің айтарым өмірде жақсылық көп болатынына және есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сен! Салауатты өмір салтын ұстану өз болашағымызды биікке көтерудің басты құралы екендігін мойындап, өздігімізден білім алу арқылы сананы соған бағыттап отыруымыз қажет. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстана отырып есірткіден бойымызды аулақ ұстауға шақырамын!

 

 

                                                                 Байқоңыр қаласы  №275 орта мектеп

                                                         Нурмашева Аяжан

#есірткігеқарсы

#противнаркотиков