"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"
блог
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға
«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»
Есірткіге берілмеңдер достарым,
Көрсетейік бізде қандай күш барын.
Шынықсаңдар шымыр болып өсетін
Біліп жүрсін барша достар әрдайым,
дей келе есірткінің адам денсаулығына зиян екенін барша достарыма айтқым келеді.
Есірткі - адам үшін ең қауіпті зат. Әр адамның болашағы мен өмірі өз қолында. Өмір-ағып жатқан бұлақ секілді. Біз бәріміз сол бұлақты екі алақанымызда сақтап жүруіміз керек. Егер жаман жолға түссек өміріміздің маңызын қолымыздан жіберіп алуымыз мүмкін екенін түсінсек екен.
Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейіп барады. Есірткіге еліктеу барысында адамның денсаулығы нашарлайды. Бұл дертті ешбір дәрігер де, емшілер де емдей алмайды. Есірткі шегіп ессіз болғанша, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отырайық.
Наша, есірткі, темекі, ішімдік ақыл мен денсаулықты түпсіз, қараңғы құзға құлатады. Бұл жолға түскенде адам тек өзін бақытсыз етпейді, аяулы ата-анасын, туған-туысқандарын, достарын жерге қаратады. Бір ойшыл дана «Денсаулықты сақтай білу де өнер»,- деген екен. Менің ойымша бұл өнерді ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырған әрбір жас азамат түсінуі керек.
Өмірді мәнді, бақытты ету үшін ең алдымен адамға мықты денсаулық қажет. Денсаулық адамда салауатты өмір салтын сақтаған жағдайда ғана болатынын есте сақтайық. Есірткі ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Сол себептен мен есірткісіз өмірді насихаттаймын!
Байқоңыр қаласы №275 орта мектеп
Ескергенова Фариза