"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"

"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"
жеке
блог

  «Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.»

      Сәлем, жас досым! «Есірткіден аулақ бол!» - менің бұл үндеуіме назарыңды салуыңды өтінемін. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселердің бірі ол жастардың есірткіге тәуелді болуы. «Бір рет қолданам ештеңе етпейді ғой!» деген оймен басталған шылым есірткінің құрығына апаратынын біліп жүргейсіз!

     Қоғамның аса ауыр дерті - арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсер тигізуде. Есірткі кейде наша деп жатамыз,бұл кішкене ғана шөп адамның үлкен арманы мен мақсатын,отбасы мен ошақ қасын ойрандайтын зат екенін ұғынсақ екен.

      Мен оқып жатқан Байқоңыр қаласындағы 275 орта мектепте құқықбұзушылықтың алдын-алу  тақырыбында өзекті жұмыстар,тәрбие сағаттары кеңінен жүргізіліп жатыр.Әлеуметтік желіде мектеп оқушыларының электронды темекіге әуестенгенін көріп қалып жатамыз.Бұл түтін олардың болашағын тұмандатып жатқанын білсе ғой,шіркін! Ата-ананың үкілеген үмітін будақталған түтінге айырбастамайықшы!Таң атқаннан кеш батқанша жасаған еңбектің тәтті нанын жемей есірткіге айырбастап жатқан жандар қаншама?! Жұмыссыз жүрген адамдардың бұл есірткі  үшін ұрлық-қарлық пен зорлық-зомбылыққа барып жатқанын көгілдір теледидар артынан көріп қаламыз.Бұл қатарды көбейтпей, күресуге шақырамын.

     Болашағымызға балта шауып, әзәзілдің тұтануына, шарпыған қызыл оттай елімізді жайлауына, шала жанған ормандай қара түтінге бықсуына жол бермейік. Сіз болып,біз болып салауатты өмір салтын көптеп насихаттап,түрлі спорт шаралары мен қызықты квесттерге т.б игі істердің басын жұмыла көтерсек,бір адамға болсын азайтармыз деген сенім бар.Есірткісіз өмірді қолдап,жақынымызға жанашыр болайық!

 

Байқоңыр қаласы №275 орта мектеп

Жолдасова Аяжан