"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"

 «Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.»

Есірткі-аса қауіпті,тұңғиықтың түбі.Есірткі - өмірді улайтын түтін.

      «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»,ендеше мұқият оқы!Есірткі жайлы бұл эссені жазбастан бұрын,тарихымен терең таныстым.Жалпы бұл есірткі сонау ежелгі заманнан басталған.Бұл дерттің ең алғашқы құрбаны-перғауынның қызы болған.Ежелгі заманның соғыс мезеттерінде  есірткіні жарақат алған кісілерге көмек көрсету мақсатында пайдаланған екен. Есірткі заттарының адам психикасына кері әсері бар екенін Зигмунд Фрейд толық зерттеп, әлемге жариялайды.Міне, сонау ХІХ ғасырдан бастап қазіргі күнге дейін,бұл  дерт қоғамның қасіретіне айналып келеді.

     Қоғам байлығы-адам болғанда,адам байлығы-денсаулық дейміз.Сол үшін де өмірді  даналық  ұшқыр қиялмен бағалайтын ата-бабаларымыз ақ жаулық пен он саулықтан бұрын денсаулықты дәріптеген.Алайда ата-бабаның мұратын жүзеге асыратын кейбір жастар нащақордың соңынан еріп барады.Есірткіні әлбетте қызығушылықтан немесе жаңа әсер алу үшін қолданады.                                                                                                                                         

       Есірткі-кәдімгі сап- сау адамды психикалық және дене әлсіздігіне әкеліп соқтырады да тәуелділік тудырады.Соңғы жылдары есірткі пайдалану салдарынан өлім- жітім көбейіп кетті.Есірткі пайдаланатын адамның өмірінің орташа ұзақтығы 5 жыл екені бәрімізге мәлім. Есірткі обырдың, асқазан жарасының пайда болуына итермелейді.

        Ең ауыр, қауіпті және емделуі қиын нашақорлық түрі апиын нашақорлығы. Ортақ шприц қолдану салдарынан ЖИТС/ СПИД/ және вирусты гепатит жұқтыру қаупі ұлғаяды.

 

      Тамырға жіберлетін есірткі пайдалану нәтижесінде тек психика, жүрек-қан тамырлы және жүйке жүйесі емес, бауыр, бүйрек те зардап шегеді ауруға қарсы тұру мүмкіндіктері нашарлайды, тіс бұзылады, тамырлар сырқаттанады, белсіздік дамиды, ақыл-ой деңгейі төмендейді. Жасыратыны жоқ бүгіндері елімізде осынау қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп барады. Есірткінің медициналық-әлеуметтік проблемалары республика орталығының мәліметіне қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал 1,5 млн-дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай әрі-сәрі күй кешуде.Кәмелет жасына толмаған жеткіншектеріміздің өмірі ше?

 

           Жастар – болашағымыздың алтын тірегі дейміз,десекте өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайлы қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар.Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді.Бұл-ақиқат!

 

        Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. «Тәрбие басы-тал бесік»-, дейді дана атамыз,ендеше сол бесікті түтінмен тербемей,әуезді әуенмен тербейік!

 

#УПНДПКЗО

 

 

 

 

Байқоңыр қаласы №275 орта мектеп

7 «Ә» сынып оқушысы-Абдрахманов Нұрдаулет



Бөлісу: