"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"

"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"
жеке
блог

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.»

       Жас өмірді улайтын есірткі қазіргі таңда Қазақстанның ғана емес бүкіл әлемнің проблемасына айналғаны рас.

      Барлық мектептерде зиянды әрекеттер жайлы жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі. Десек те,мектеп жасындағы балалардың темекінің түтінін будақтатып тұрғанын көріп қалып жатамыз.Бұл түтін олардың болашағын тұмандатып жатқанын білсе ғой,шіркін!

      Бірде көрші студент баланың үлкен кісіден темекі сұрап жатқанын көрдім.Қасына барып:

      -Анау кісіден нанға ақша сұраңызшы,-деген маған,ол

      -Мен саған бейшара көрініп тұрмын ба?- деп жауап қатты.Сонда менің көкейіме түйгенім,адал нәрсе үшін ұялып,арам нәрсе үшін ұялмайтын адамдардың бар екені.Міне,осы темекіден басталған әрекет есірткі тартуға әкеп соқтырады.Бүгінде,темекінің ең арзаны 400 теңгеден жоғары.Ал,есірткі ше?

     Таң атқаннан кеш батқанша жасаған еңбектің тәтті нанын жемей есірткіге айырбастап жатқан жандар қаншама?! Жұмыссыз жүрген адамдардың бұл есірткіні алуы үшін ұрлық-қарлық пен зорлық-зомбылыққа барып жатқаны бізге мәлім жағдай.Есірткі заты- адамды еріксіз тартып тұратын,адамның психикасын,санасын,ойын улайтын қауіпті дерт.Есірткінің мөлшерінен тыс көп пайдаланған жағдайда өлімге әкеп соқтыратынын бірі білсе,бірі білмес.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекснің 259  бабында «Есірткі тұтынушылар есірткі заттарын заңсыз әзірлегені,сатып алғаны,сақтағаны,тасымалдағаны,таратқаны үшін жауапкершілікке тартылады»делінген.Десек те,қоғамда бұл дерт азаяр емес.Сіз болып,біз болып салауатты өмір салтын көптеп насихаттап,түрлі спорт шаралары мен қызықты квесттерге т.б игі істердің басын жұмыла көтерсек,бір адамға болсын азайтармыз деген сенім бар.Есірткісіз өмірді қолдап,жақынымызға жанашыр болайық!

 

 

Байқоңыр қаласы №275 орта мектеп

8 «А» сынып оқушысы-Тәуекел Заңғар