Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа:
Алламыз пенделерге бір-ақ рет өмір береді. Сол берген уақыт ішінде біз өзімізге бақытты өмір сыйлауымыз керек. Тек өзімізге ғана емес, жан-жағымызға да қуаныш пен бақытты әкеле білуді үйренеміз. Адам баласының бақытты өмір сүруіне қақысы бар. Бірақ көп адамдар өз өмірін құртып жатады. Олар түрлі жаман нәрселерді ойлап, есірткіге қызығып, бақытсыз өмірге тап болады. Әр адам үшін өмірдің мәні әртүрлі. Кейбіреуіне бейбіт, бақытты күн болып табылса, енді біреулеріне есірткі бақыт болып табылады. Адам біріншіден денсаулығын, болашақ халқын, өмірін ойлауы керек. Көп адамдар осы жағын ұмытып кетеді. Нашақорлыққа жақын адам өмірдің мәнін көре алмайды. Себебі олар ақ пен қараны және өмірдің ащы тәттісін ажыратуды білмейді. Адам ең басты құндылығын ұмытпауы керек. Ол денсаулық. Есірткі арқылы әрбір адам денсаулығын бұзады. Денсаулық бізге зор байлық әкеледі. Нашақор адам өз денсаулығын зиянды заттармен құртады. Оны болдырмас үшін қазір көптеген мекемелерде Есірткіге жол жоқ» атты іс-шаралар өткізіліп жатыр. Түрлі газет, кітаптардан оөуға болады.
Біз есірткіге қарсы болуға міндеттіміз. Біз үшін өмір сынақ болып табылады. Әрине, сол сынақтардан сүрінбей өтіп, көксегенімізге жетеміз. Оларды жақсы жолдармен де жеңіп шығуға болады. Қазір заманымыз дамып, өркендеуде. Неге өз үлесімізді қоғамға қоспасқа. Адам есірткісіз де жақсы ел қатарына да қосыла алады. Қоғамымыздағы басты тақырып есірткісіз жастардан болашақ күту деп ойлаймын. Менің осымен жасаған түйінім - болашағымызды есірткісіз қарсы алу.
Ержанова Аяулым, № 273 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы