Мен оқыған тағы бір кітап... (арнайы тапсырма)

Мен оқыған тағы бір кітап... (арнайы тапсырма)
жеке
блог


   Кітап оқымаған адам- көп нәрседен мақұрым қалған адам дер едім. Себебі кітаптан үйренерің де, жиренерің де көп. Мейлі ол қиял- ғажайыпқа негізделген кітап болсын, немесе өмірден алынған шығарма, тіпті детектив болсын маңызды емес. Бастысы- саған кітап ұнағаны. Бастысы- сен сол кітапқа еніп, кейіпкерлердін өмірін сүре алуың. Бастысы- олардың қателігінен сабақ алып, жасамадым деп өкінген істерін жасауың. Иә, кітап оқу мен үшін- тағы бір рет, басқа жанның өмірін кешкенмен тең. Массагеттің арқасында бірнеше жаңа кітапты оқуды мақсат еттім. Және бір күнде аз дегенде кітаптың 30 бетін оқуды, шамам келсе бітіруді арнайы тапсырма ретінде алдым. Көп ойлана келе менің таңдауым Лорен Оливердің "Прежде чем я упаду" кітабына түсті.

 

 Кітапта не айтылады? Саманта (Сэм) есімді бойжеткеннің өмірі... Бәрі жұма күні, 12 ақпан, Валентин күні қарсаңында басталады. Қысқасы Линдси, Элоди, Элли, Сэм- ең жақын құрбылар және мектептің ең атақты оқушылары болады. Купидон күнінде көптеген оқиғалар болады, оратсында қандай қызықты жайттар болатынын өзіңіз оқып көріңіз оқырман! Бұл күннің соңы қайғылы аяқталып, бәрі қаза табады. Алайда, мұнымен бәрі бітпей, келесі күні Сэм тағы ұйқысынан оянады. Мұның бәрі жәй түс екен деп қуана бергенде- кешегі күннің қайталанып жатқанын ұғады. Бұл күн бір емес, 7 рет қайталанады. Өзімен болып жатқан сұмдық пен уақыттың шырмауынан шығу үшін- оған көптеген бұрын байқамаған нәрселерін ұғынуына тура келеді. Бұл кітап ересектергересектерге қарағанда жасөспірімдерге көбірек ұнайтыны анық. Сол себепті өзімнің қатарластарыма оқуға кеңес беремін.

   Бұл роман меніңше өмірге деген көзқарасымызды өзгертуі тиіс. Адам бүгін- бар, ертең- жоқ. Ертеңгі күні не болатынын білмейміз. Сол себепті әрбір күнімізді- ең соңғы күніңдей өткізу керек. Күнделікті күйбеңмен ілесіп, ұсақ- түйек өзімізді мазалайтын жайттарға бола қабырғамызды қайыстырмай, өмірімізді тек бақытты сəттермен толтырайық!