Мен - қызымын қазақ дейтің ұлы елдің (байқау)

Баршаңызға жалынды сәлем! :)

 Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айында барлық тілеген ниет-дұғаларыңыз періштелердің құлағына шалынып, ұстаған оразаларыңыз баршаңызға қабыл болсын!

 Мен Ерболған Ақерке Қанатбекқызы жер жәннәті - Жетісу жерінде, дәлірек айтқанда Алматы облысы Талдықорған қаласында 2001 жылдың маусым айының 12-жұлдызында дүниеге келдім.  Былтырғы жылы Талдықорған қаласындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің 8-сыныбын үздік аяқтаған қыздарыңыз, биылғы жылы Қызыл куәлікке орта мектеп курсын (9-сыныпты) аяқтады.

 

Былтырғы жылы өмірлік ұстанымымды "Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ" деп жазған едім. Ол өмірлік ұстаным болғандықтан солай қала берсін.

 Жалпы менің сүйікті тұлғаларым көп. Олардың бірі әлемнің ұлы ойшылы, Платонның ұстазы,бүкіл Дүние жүзің жаулаймын деушілердің төрттігіне еңген Александр Македонскийдің тәрбиешісі – Аристотель. Ол өзінің ұлы ойшылығымен қатар, ұлы ұстаз екендігі де рас. Ал, менің болашақта білімді ұрпақ тәрбиелейтін тұлға болғым келетіндіктен көбінесе Аристотельдің философиясына қызығамын.

Тағы бір сүйікті тұлғаларымның бірі Боб Марли (Bob Marley). Ол жамайкалық музыкант, гитарашы, композитор. Оның бұл дүниеден өткеніне қаншама жыл өткеніне қарамастан , ол әлемдегі регги стилінде орындаушылардың ең үздігі болып қала бермек. Әрине, бұл сіздерге қызық көрінетін шығар, алайда оның көп әуендері құлақ құрышын қандырады.

Менің хоббилерімді айта берсем, мына блог бүгін бітпес... Дегенмен, көбінесе ас әзірлеп, сурет салып, қолөнермен айналысқанды жақсы көремін.

Бос уақытымда теледидар көремін, әсіресе сұлулық сайыстарын көргенді жаным сүйеді. Биыл өзімде «Өнерлі өрге жүзер» атты сұлулық сайысына қатысып, жүлделі орынға ие болдым.

Неге екенің білмеймін, маған бос уақытымда отырып бірдене жазып немесе оқығаннаң қарағанда, ас үйге барып неше түрлі тәтті-дәмді пісірген ұнайды.

Одан да басқа әлем әдебиеттерін оқимын, заман талабына сай әлеуметтік желілерді ақтарып шығамын, фотошоптар жасаймын, достарыммен серуендеп келемін.Жалпы, бос уақытымды жақсы өткізуге тырысамын.

Байқауға қатысу мен үшін пайдалы жазғы демалыс пен шексіз көңіл күй. Мен биыл екінші мәрте қатысып жатырмын. Былтыр Шерхан Талап ағамыздың жетекшілігінде болған, командалар ішінен оқ бойы озып шығып, жеңіс тұғырының биігінен көрінген «Хан Тенгри» тобының мүшесі болдым. Жекелей нәтижеде 6-орынға табан тіреген едім. Биыл да еліміздің әр түпкірінен достар табамын деген үміттемін.

Бастысы жеңіс емес, бақ сынау (А.Гитлер)

Байқау талабы өте қызықты, ауқымды. Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі оқушылардың басын қосып, жазғы демалыстарын ерекше, әрі көңілді етіп өткізуге үлестерін қосып жатқан Массагет ұжымына алғысым шексіз!!!



Бөлісу: