Мен қөтерген алғашқы мәселе...

Біз Атырау қаласын мұнайдың астанасы, тұрмыстық жағдайларында мін жоқ, байлыққа батқан қалалардың бірі"деген сөзді жиі естиміз. Әй қайдам, астымыз толған қара алтын болса да үстіндегілердің жетісіп отырғаны шамалы. Оған дәлел ретінде сол Атырау қаласының шеткі аймақтарының бір Аққала ауылы ауылын айтса болады. Маған бұл ауылдың бүгінгі мен ертеңгі күні қатты алаңдатады. Себебі олар үшін дамыған мына заманда таза су ішудің өзі мұң. Олай дейтінім сонау 2008 жылғы қолға алынған су тазарту құрылғысы толығымен аяқталмай қалғандықтан қарапайым халық тазартылмаған Жайық суын ішуге мәжбүр болып отыр. Бұл дегеніміз халық арасындағы ішек ауруларынының белең алуға жол ашу және қоғамға ауқымды зиян келдіру деген сөз.

Қоғамға зиян әкелудің көкесі осы десеңіз қатты қателесесіз, өйткені бұданда үлкен мәселелер бұл ауылда жетіп артылады. Ол не десеңіз? Мен айтайын. Ол әбден шаруасы бітіп, тозығы жеткен, құлауға шақ тұрған - орта мектеп. Бұл мектептің әні айтылғалы біраз болса да әлі ешкім елең етпеді. Бір қабырғасы үш томармен тіреліп, терезелері салафанмен қапталған бұл ғимаратта ертеңгі елдің болашағы бұлыңғыр. Жас буындардың бүкіл назары, ынтасы оқуға емес құлаған құрылыстың астында қалмасақ екен деген ойға ауады. Бұл ғимарат апатты деп танылса да әлі жұмыс істеп келеді. Бүгін, ертең мектептің шаруасы тынайын деп тұр. «Қарапайым халықты жаңа мектептен үмітендіргелі біраз жылдың жүзі болды. Алайда әлі күнге шейін құрылыстың орнын да, оның көлеңкесін де көрмедік» деп ашынады тұрғындар. Бұл жағдай тек жергілікті тұрғындарды ғана емес мені де ойландырады. Бірақ халық үшін ашынуға тиіс адамдарға әлі әсер етер емес. Ай қайран Аққала, тасада қалған қайран ауыл басқасын былай ысыра қойып, көзімізді жұмып өтіп кетсекте көктемде қара балшыққа батып өзге ауыл түгел өз ішінде жүре алмайтын қара жол мәселесін көрмей кету мүмкін емес сияқты сірә. Десе де осынша мәселелерге қарамастан болашаққа қарай бет түзеген Аққала халқы жүректі екен. Бұл тақырыпты қозғап жазғандағы мақсатым біреуді сынау немесе біреудің қытығына тию емес керісінше қоғамдағы келеңсіздіктің алдын алу, біреу-міреу тіл қатып, осы мәлесені көтереді деген үміт. 


PS Бұл менің Алматы қаласындағы жас журналистер байқауына әзірлеген жұмыстарымның бірі..




Бөлісу: