Мені жолымда ұстайтын нәрсе – менің мақсаттарым (байқау)
блог
Армысыздар! Мен Аққалиева Әсел "Кен" тобының мүшесімін. Мен осы байқауда алға қойып отырған мақсатыммен таныстырып өтсем деймін.
Менің мақсаттарым
- 1. Тамақ әзірлеп үйрену
- 2. Өзімнің шашымды әсемдеп өруді үйрену
- 3. ОЖСБ сынағын сәтті тапсыру
1) Тамақ әзірлеуді үйрену.Бұл мақсатты қойған себебім тамақ пісіріп,әр түрлі дәмді тағамдарды әзірлеп үйренгім келеді.Мен енді 9-шы сыныпқа көшсемде шыны керек тағам әзірлеуді білмеймін.Өзімнен кіші сіңілілерімнің,құрбыларымның алдында ұяламын.Сол себепті үйренгім келеді.
2) Шаш өруді үйрену.Мен ең алдымен өзімнің шашымды өруді үйренгім келеді.Бұл мақсатты қойған себебім мектепке барарымда шашымды өру үшін апамның уақытын алғым келмейді
3) ОЖСБ сынағынан сәтті өту.Мен осы жазғы демалысымды бос өткізбеу үшін 2016-2017 оқу жылында болатын ОЖСБ сынағына дайындалайын деп шештім.ОЖСБ сынағына тыңғылықты дайындалуды алдыма мақсат етіп қойып отырмын.
Мен негізінен мақсатқа жете білуге талпыныс жасағанды ұнатамын.Осы алдыма қойған мақсатыма жету үшін алдағы уақытта:
1.Сабырлы,төзімді болуға
2.Мақсатыма жету үшін ілгері қадам жасауға
3.Қолымнан келмейтін істерді саралап,барынша өң-бойымнан жоюға тырысамын,талпынамын.
Мен үшін мақсатымды орындау өте маңызды.Мен өмірде жекелей жеңістің де,топтық жеңістің де маңыздырақ екенін білемін.Мен бұрын топтық жұмыстың не екенін білмейтінмін.Топтық жұмыстың,топтық жеңістің маңызды екенін үйреткен Эльмира Абулхасимова ұстазыма алғысымды білдіремін.Мен осы «Массагет» порталына қосылғаныма небәрі 3 аптадай болды. «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет» байқауы ұйымдастырылғанда қатты қуандым.Өйткені мен осы байқауда барынша өзімді әр қилы қырымнан көрсете аламын деп сенемін.Бәлкім мен байқау нәтижесінен өзімді мақсатына жете алатын батыл қыз атына лайық ару болып қалармын деген үміттемін.