Мен жасаған торт (Байқау)

  Сәлем, массагеттік достарым! Халдеріңіз қалай? Міне, жаз мезгілінің соңғы айы да келіп жетті. Уақыт деген қызық қой, шіркін.... Кеше ғана жазғы демалысқа шыққан секілді едік. Әне – міне дегенше, жаз да өте шықты. Көзді ашып – жұмам дегенше, алтын күз де келіп қалар. Сабақ та басталар.

  Осы жазда мен не үйрендім? Бұл сұраққа жауабым да табылып қалар. Осы жазда мен бірнеше мақсатыма қол жеткіземін және жеткіздім деп есептеймін. Орындалған мақсатымның бірі дәмді торт пісіру.  Жоғары деңгейде шықпаса да, үйдегілердің көңілінен шықты. Бұл тек бастамасы ғана. Күзге дейін әлі уақыт бар. Сондықтан тортты өте жоғары деңгейде әзірлеп үйренетін боламын. Мен бірінші тортымды анамның туылған күніне арнап пісірген болатынмын. Рецебімен бөлісейін.

Тәтті торт

 

Бисквит үшін:

 

10 жұмыртқа

200 гр қант

200гр ұн

15 гр разрхлитель

 

Крем үшін:

 

Кілегей (Сливки) – 48 гр

150 мл сүт

 

 

 Дайындау жолы:

1) 2 бисквит пісіріп аламыз. 1 бисквит үшін 5 жұмыртқа мен 100 гр қантты миксерлейміз. Қою болған қоспаға 100 гр ұн мен, разрхлительдің жартысын қосып, жәймен араластырамыз. 

(Бұл 1 бисквитке қажет заттар)

(Жұмыртқа мен қант осындай массада болуы тиіс)

2) Бисквитті арнайы қалаған қалпыңызға  құйып, пісіреміз. Қалпыңызды майлауды ұмытпаңыз! Осылайша 2 бисквит пісіреміз.

3) Бисквит суығасын,  крем дайындаймыз.

4) Бисквит қалың болса, оны бірнеше бөліктерге бөлеміз.

5) Крем дайындау үшін. Құрғақ кілегейге 150 мл пастерленген сүт құйып, миксердің көмегімен крем дайындаймыз. Кремнің қанты аздау болса, қант ұнтағын (сахарная пудра) қосамыз.

 (Дайын кремді суретке түсірмедім)

6) Бисквиттің ортасына  кремді жағып, тоңазытқышқа 30-40 минутқа салып қоямыз.

7) Белгіленген уақыттан соң, тоңазытқыштан алып, бетіне және жиегіне крем жағып, қалауыңызша сәндейсіз. Торт дайын.Үстел үстіне қоямын дегенше, тоңазытқышта сақтаңыз!

Бұл менің алғашқы тортым. Сондықтан сынға алмаңыздар! Алдағы уақытта керемет торт пісіріп, Массагетке салатын боламын! Бұл уәде! Мен өзімнің қолымнан не келетінін алдағы блогтарымда дәлелдеймін. Сондықтан менің келесі блогымды асыға күтіңіздер. Алдағы блогтарымда менің асханамнан дәм тататын боласыздар! Ендігі мақсат басқа тәтті тағамдар әзірлеу.

 

Ал сіз үй жағдайында тәтті тағам пісіре аласыз ба?

 

 

 

 

 

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: