Қайырлы күн, массагеттік оқырмандар! Байқаудың соңғы аптасында барлығымызға да арнайы тапсырмалар берілген болатын. Маған өз мәзіріміз бойынша тағам әзірлеу тапсырылды. Бұрын- соңды өзім ойымнан тағам жасап көрген емеспін. Сондықтан біраз қиындық туғызды. Тағам ойлап табудың өзі үлкен еңбекті қажет етеді. Себебі "ондағы қоспаларымыз бір-бірімен үйлесе ме?" немесе "қалай шығады?" деген сынды сұрақтар туындайды. Дегенмен керемет шықпаса да өз ойымнан жасалған алғашқы тағамды сіздерге ұсынғалы отырмын.
Тағамның атауына келетін болсам, оған атау табу үшін көп ойлануға уақытым тығыз болды. Бір кезде есіме жақын мезгілде болатын құрбымның туған күні түсті. Сосын неге тағамның атауын құрбымның есімімен атамасқа деп ойладым. Құрбымның аты Назгул. Әрі пісірген тағамым да гүл пішінді болғандықтан тағамымды «Гулиназ» деп атадым. Әрі құрбыма үлкен сыйлық болар еді...
Енді тағамымның құрамына келетін болсам:
-тауық еті
-2 болгар бұрышы
-1 сәбіз
-1 пияз
Қамыр үшін:
-Ұн
- 0,5 стақан сүт
-0,5 стақан су
- 1 шай қасық өсімдік майы
-Ашытқы (дрожжи)
-Тұз
Алдымен қамырдың құрамын араластырып, көтерілгенше қоямыз.Қамыр дайын болғанша пияз, сәбіз, болгар бұрышы, тауық етін ұсақтап турап, өсімдік майын қуырып аламыз.
Одан кейін қамырымзды жайып, дөңгелек пішінді етіп кесеміз.
Ішіне салмамызды салып, ораймыз.
Дайын болған соң пеште пісіріп аламыз.
Міне менің тағамым дайын.
Астарыңыз дәмді болсын!
P.S: Бұған дейін тек дайын мәзірлермен тағам дайындаған екенмін. Осы байқаудың арқасында өзімнің алғашқы мәзірімді дайындадым. Маған осындай мүмкіндік берген МАССАГЕТке алғысымды білдіремін!