Мен - аруымын Атыраудай шаһардың (байқау)

Сәлеметсізбе құрметті оқырман қауым. Бұл байқау мен үшін таптырмас мүмкіндік болайын деп тұр. Және де мен ол үшін бәріне дайынмын деседе болады. 

Жалпы айта кетсек мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Ол мақсатқа жету үшін адам ең алдымен сенімді, кез келген іске дайын және адымыңды нық әрі анық басу қажет. Енді мен өзіме тоқтала кетсем:сонау батыстағы бұрын қазағымызды жаудан қорғаған Махамбеттей атамыздың,атағы әлемге жайылған күйші Құрманғазы мен Дина әжеміздің, қазіргі таңдағы еліміздің тұңғыш бард-ақыны Табылды Досымовтың туып өскен жері АТЫРАУ обылысынан боламын.

Аты-жөнім: Марат Жадыра Маратқызы. Есімімді әкем әрдайым күлімдеп журсін деп осылай атаған екен. Қазір мен Махамбет ауданы Ортақшыл округіндегі Қосарал орта мектебінде 8- сыныпты тәмәмдадым. 

Мен бұл байқауда болашақта елімізді алға сүйрейтін азаматы Ербол Жұмабайұлы бастаған "Мұзбалақ" тобының белсенді мүшесімін. Менің жетекші ағайым адамдарды әдемі, көңілге қонымды сөздерімен баурап алады. Және мен алдағы уақытта ағайымның осы қасиетін өзіме дарытамын деген ойдамын. 


Өмірлік ұстанымым: Әр істің өз қайыры бар, Және оны шыдамдылықпен күту!!! 

Менің ең жақын және еліктейтін тұлғам ол – Жанар Дұғалова. Ол кісі елімізге танымал әнші әрі актриса. Маған ол кісінің даусы мен мінезі қатты ұнайды. Ал хоббиіме келер болсақ би билегенді ұнатамын. Сондай-ақ, неше түрлі алқа, білезіктер жасау менің сүйікті ісім. Бос уақытымда достарыммен велосипед, ролик теуіп серуендейміз. Домбыра тартқанды ұнатамын.

Жазғы демалысымды құр өткізбеу және осылай адамдармен топ болып жұмыс жасап, болашақта қоғамда орны биік тұлға болып қалыптасу үшін байқау мен үшін маңызды бастау.

Мен алдағы уақытта интеллектуалды ойындардың жиі болғанын қалаймын. 
Маған бұл байқау өте қатты ұнайды. Оқушыларды зеріктірмей көптеген қызықты мәліметтер салып отырады деп сенемін.



Бөлісу: