Мелодия тек еліктірмейді, ол сөйлейді...
блог
Кеш жарық, массагеттік жас блогерлер және менің оқырмандарым. Айт мерекесі баршаңызға мүбәрак болсын. Тілектеріңіз бен ниеттеріңіз қабыл болғай!
«Әнді сүйсең, менше сүй» демекші, бүгінгі жазбамды музыка шығармашылығына арнаған жайым бар. Мен бала кезден-ақ пионино аспабына әуес болдым. Жасым 6-7 шамасында болса керек, бір күні әкем, асыр салып ойнап жүрген ойын баласы мені жанына шақырып алып:
– Саған керемет сыйлығым бар, тек маған ән шырқап берсең болғаны,– дейді. «Сыйлық» деген сөзге құлағым елең ете қалған мен халықтың жезтаңдай әншісі Мәдина Сәдуақасованың әнін айтып беріппін. Сондағы әкем тарту еткен сыйлық ойыншық пионино болатын. Бәлкім, пиониноға әуестігіме себепкер болған көкем берген сый болар. Ал, ендеше менің орындауымды тамашалап, біраз бой жазып алыңыздар.
Байқаған боларсыздар, мұнда мен музыканың атын және кімнің туындысы екенін жазбағанмын. Массагеттіктердің шығармашылық қабілетінен басқа, музыкаға жақыны да бар болар. Олай болса, кімнің туындысы және қай әуен екенін білсеңіздер, өз пікірлеріңізді қалдырсаңыздар болады.