Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф

Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф:
Миф - аңыз.

1.Миф: Эверест әлемдегі ең биік тау. 
Факт: техникалық ең биік тау- Гавайядағы Мауна-Кеа шыңы. Оның биіктігі — 10203 м, бірақ ол таудың басым бөлігі судың астында. 
2.Миф: Ұлы Қытай қорғаны ешқандай құралсыз ғарыштан көрінеді. 
Факт: Ғарыштан көрінбейді. Себебі Ұлы Қытай қорғаны тым жіңішке,жалпақтығы бар болғаны 6 метр. 
3. Миф: Жердегі ең үлкен шөл- Сахара. 
Факт: Ғаламшарымыздағы ең үлкен шөл- Антарктика. Оның ауданы - 870 мың километр квадрат,кейбір жерлеріне 2 миллион жылдан бері жаңбыр жаумаған. 
4. Миф: Лондондағы танымал Биг-Бен мұнарасы әлемдегі ең үлкен сағат мұнара. 
Факт: Биг-Бен уақытты көрсететін қоңыраудың аты, мұнараның аты - Сен-Стивен. 
5. Миф: Бұлт жеңіл немесе Бұлтта салмақ жоқ. 
Факт: Бұлт миллондаған су тамшыларынан құралған, оның салмағы 500 тоннаға дейін барады. 
6.Миф: Найзағай (Жай) бір түскен жерге қайта түспейді. 
Факт: Түседі. Мысалы Эмпайр-Стейт-Билдинг мұнарасының ұшына(Шпиль) бір жылда 25 рет Найзағай (Жай) түскен. 
7. Миф: Ғаламшарымыздағы ең биік Сарқырама Венесуэладағы Анхель Сарқырамасы. 
Факт: Бүгінгі күнде ең биік сарқырама Дат бұғазында, су астында орналасқан,ешқандай атауы жоқ. Ия мұхит астында Сарқырама, өзен және көлдер болады,тек суретке түсіру қиын. 
8. Миф: Су ток(Электр) өткізеді. 
Факт: Су токты өткізбейді,электр қуатын судағы минералдар өткізеді. Дәлелі ретінде Дистиллденген су ток өткізбейтінін айтуға болады. 
9. Миф: Алмаз бөлшектенбейді не жоюға болмайды 
Факт: Балғаның “Жәй” соқысының өзі үлкен Алмазды жүздеген бөлікке бөліп тастайды. 
10. Миф: Барлық ағаштар суды тамыры арқылы сіңіреді. 
Факт: Африка шөлдерінде Намиб өсімдігі Суды жапырақтары арқылы қабылдайды(Сіңіреді) 
11. Миф: Ұлыбритания Еуропадағы ең жауын көп жауатын(түсетін) мемлекет. 
Факт: Лондонға жылына 500 мм ,Римге - 760 мм, Миланға — 1000 мм, ал Генуеге — 1100 мм жаңбыр түседі.Бірақ Италияға жаңбырдың көп бөлігі Күз және Қыс мезгілінде түссе Британияда жыл бойы жаңбыр. 
12. Миф: Ғаламшарымыздағы ең ұзын өзен – Ніл өзені. 
Факт: Амазонка өзені Нілден 400 км ұзын,оның ұзындығы - 7100 км. 
13. Миф: Ғаламшарымыздағы ең тұзды көл – Өлі теңіз. 
Факт: Ең тұзды көл – Антарктикадағы Дон Жуан көлі, оның тұздылығы соншалық -50 Цельсий градус суықтада мұз қатпайды.
 


Бөлісу: