МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
жеке
блог

Жолдауын насихаттау мақсатында «Халықтың әл-ауқатын арттыру» тақырыбында ауданның денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жолдаудың үшінші басым бағытында Президент айтқан ұлт денсаулығын жақсартуды сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асыру туралы берген тапсырмалары түсіндірілді. Атап айтқанда ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жүйесін қайта қарау, алдағы екі жылда ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз ету тапсырмалары іске асатындығы айтылды.
Дөңгелек үстел барысында денсаулық саласы қызметкерлері тарапынан стоматология бойынша тіс жұлу ғана МӘМС-пен жасалытндығын, 18 жастан асқандарға МӘМС-ті тұрақты төлеп отырғанымен тіс емдету ақылы екендігіне, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын, медицина қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсету, тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.