Массагеттіктерге Қытайдан жалынды сәлем! (Байқау)
блог
Саяхат кемесінде мақсат желкенін көтеріп міне мен келемін. Қытай елінің Шинҗаң өлкесінің Үрімші қаласына да келіп жеттік. Мұнда біз жанұямызбен бірге бес жұлдызды қонақ үйге тұрақтадық. Бұл жердегі биік-биік, архитектуралық ғимараттар көздің жауын алады. Жоғарыда тұрып қала көркін тамашалаған неткен ғажап десеңізші. Түстенетін уақыт келгенде біз үйдегілерімізбен дәм ауыс тиюге мерамханаға түстік. Қонақ үй мейрамханасында керегіңнің бәрі бар. Ас мәзірінің көптігі соншалық жай ғана дәм татып көргеннің өзінде де мәзірдегі тағамдарды тауысып бітіре алмассың. Қонақ үй әлемдік стандартқа лайықтап жасалғандықтан ондағы жазулардың барлығы дерлік қытай мен ағылшын тілдерінде жазылған. Сол себептен мен ағылшын тілін үйреніп жүргендіктен шаруашылық сөздерді жаттау маған оңайға түсіп жатыр. Адам өзіне керекті нәрсесін қажеттіліктен үйренетіндіктен уақытым бос өтпей, бір жағынан саяхат екінші жағынан мәдениет танып, тіл үйрену болып жатқаны. Бір сөзбен айтқанда - "Education and travel". Бұған себепкер, әрине, менің ата-анам. Ол кісілерге рақмет айтқым келеді.
Мейрамхананың қызмет сапасы өте жоғары деңгейде. Олар тазалыққа баса назар аударатынға ұқсайды. Өйткені мұндағы сервистердің барлығы мұнтаздай таза екенін аңғару қиын емес. Мейрамханада орыс ұлтының пасха мейрамындағы әзірленетін жұмыртқа, сүр ет тағамдары бар екен. Қабырға беттерінде Қытай сұлуларының суреттері ілулі. Адамдары сондай кішіпейіл, ақжарқын.
Қытайда әлеуметтік желілер мен көптеген сайт істемегендіктен блог жазуда қиыналып жатқанымды айтқым келеді. Алайда, елдерден сұрастырып бір амалын қарастыра сіздерге жазуға асықпын. Сол себепті айталмай қалған қызықты оқиғаларым мен көрген білгендерімді алдағы уақытта оқи жатарсыздар.
PS. Маған бұл ел қанша қатты ұнағанымен Отаным Қазақстанға жетпейді екен! :-)