Массагетпен жеткен жетістіктер (қорытынды блог)
блог
Сәлеметсіздер ме Массагеттіктер?! Әне-міне дегенше, бұл байқау да соңына жетіп қалды. 2 ай бойы қатысушылар өз мақсаттарына жетуге тырысып, талпынып, массагетке апта сайын блог салып, жарысып келеді. Байқау басында көбісі белсенділік танытқан еді, бірақ, одан кейін бұл белсенділіктерін жоғалтты. Оқушылардың көбісі байқаудан шығып кетті. Блог шығаруды мүлде қойды. Бұл өкінішті әрине... Алайда, байқаудың соңына дейін жеткендер де бар. Байқау барысында тайсалмай, соңына дейін жеткен қатысушыларға алғысымды айтамын. Жарадыңдар!
Мен басында осы байқаудың боларын естігенімде қатысайын ба жоқ па деп біраз ойландым. Бұл байқаудың жазды жақсы өткізуге септігін тигізетінін ескере отырып, қатысамын деп шешкем. Алғашында біраз қобалжығаным рас =). Бірақ, уақыт өте келе, үйренісіп кеттім. Өз тобымдағы балалармен де тез тіл табысып кеттім. Жетекшіміз де білмегенімізді үйретіп, білгенімізді одан әрі жетілдіріп, бізге көмектесіп отырды. Әр дүйсенбі сайын ұйқымнан тұра сала массагетке кіріп, "апталық байқау рейтингін" тағатсыздана күттім. "Қалай болады екен?", "қаншаншы орында тұрады екем?" , "ұпай саным қанша болады екен?" деген неше түрлі ойлар мазалады.☺. Массагетке блогтарымды тиянақты шығаруға тырыстым. Мақсаттарымды орындауға талпындым. "Ертең қандай блог шығарсам екен?" деп күні бойы ойландым. Менің ойымша байқау өте қызықты болды. Басқа қатысушалар да өздерінің мақсаттарына жетті деп ойлаймын.
Енді, жеткен мақсаттарымды саралайтын болсам, мынадай:
Мен фотомонтаж жасауды үйренгім келді. Фотоларды өңдеу мен үшін өте қызықты болды. Мен бұл мақсатыма 70% жеттім.
Видеомонтажға да қызықтым. Жақсы программа көшіріп алып, оны үйрендім. Өз программамен Видеомонтаж жасауды 100% үйрендім деп айта аламын. Себебі, программаны үйрену өте оңай болды, түсінбеген жерлерім болған жоқ.
Көп кітап оқығым келді. Бірақ, көп кітап болмаса да, бірер кітап оқыдым) 40% жеттім бұған =D
Тамақ жасап үйренгім келді. Тамақты өздігімнен жасамасам да, анамның көмектесуімен жасай аламын. Және , тәтті тоқаш, пирог сияқтыларды да анам екеуміз дайындап жүрдік. 60% жеттім.
Шпагарқа отырып көрейін дедім. 1 аптадай шпагатқа отыру жаттығуларын жасап жүрдім. Шпагатқа толық отыруыма аз ғана қалғанда, жаттығулар тоқтап қалды. Себебі, оразада жаттығу жасау қиын болды. Ораза біткен соң да жасауыма болатын еді , бірақ, жалқаулығым ұстап кетті ме, білмеймін ) Әйтпесе, қазір шпагатқа толығымен отырушы ма едім, кім білет))) 40% жеттім деп ойлаймын, себебі, шпагатқа отыруыма өте-мөте аз қалған еді...
Ағылшынша әндерді жаттап, айту. Мен жаз бойы ағылшынша танымал әндерді тыңдадым. Жазда ғана емес, әдетте де тыңдай беремін. Себебі, өте қатты ұнайды. Әндерді әуеніне қосылып айту деген ғажап сезім ғой! Мен интернеттен ұнататын әндерімнің сөздерін табамын да, әуеніне қосылып айтып жүрдім. Осылай айта берсең, сөздері де ойыңа тез жатталып қалады екен. Мен бұл мақсатыма 100% жеттім.
Шаш өрімдерін үйрену. Интернеттен көптеген өрімдерді көріп, басқаларға өріп үйрендім. Сөйтіп, уақыт өте келе өзімнің шашымды өріп үйреніп алдым. Шынымды айтсам, демалыс басталмай тұрып, өз шашымды дұрыстап өре алмайтынмын, тек шашымды алдыма түсіріп қана өре алатынмын. Ал сосын өз шашымды түрлі-түрлі етіп өре алатын болдым. Қатты қуаныштымын. Бұған толық 100% жеттім.
Ағылшын тілін үйренгім келді. Ағылшынша әндер жаттау да сол тілді үйренуге септігін тигізеді деп ойлаймын. Және массагет сайтының арнайы ағылшынша үйренуге арналған видео сабақтарын көрдім. Үйренгендерімді дәптерге түртіп алып жүрім. Бірақ, жазда ағылшын тілін үйренуді онша қолға ала қойған жоқпын. Сондықтан бұған тек 40% жеттім десем болады.
Би үйрену. Менің жаз бойы қатты тырысып үйренген нәрсем осы болды. Биге қатты қызықтым, бірақ, би үйірмесіне бармай, өздігімнен үйрендім. Бидің Shuffle Dance деген түрін үйрендім. Жақсы жетістікке жеттім . Бұл мақсатыма 100% жеттім деп айта аламын.
Қолөнер. Бастапқыда кесте тоқып жатқан едім, сосын оны қойып кеттім. Бұрындары тігетінмін.
Менің ойымша, сурет салу да қолөнердің бір түрі. Ал ондай суретті компютермен салса, тіпті керемет емес пе? Мен жақында сурет салуға арналған программа көшірдім. Өте керемет! Лезде үйреніп алдым. Әлі де үйренеріп көп деп ойлаймын. Енді, менің компютермен салған суреттерімді көріңіздер
Программаны көшіріп алғаныма аз ғана күн болғандықтан, салған суреттерім аз ғана. Мен алдағы уақытты осындай суреттерді көп саламын деген үміттемін. Және оларды міндетті түрде блог қылып шығаратын боламын. Мен бұл мақсатыма 100% жеттім деп ойлаймын.
Міне, менің жеткен мақсаттарымның тізбегі осындай. Байқаудың ұйымдастырылғанына қатты қуаныштымын. Массагетке алғысым шексіз! Алда талай байқаулар ұйымдастырылады деген ойдамын. Енді мен байқаудағы жеңілпаздарды анықталатын күнді асыға күтетін боламын! Барлықтарыңызға рахмет! Қатысушыларға сәттілік!
Егер менің жеткен жетістіктерім ұнаса, лайк басып, пікір жазуды ұмытпаңыз ☺☺☺.