Массагетім болашаққа бастаушым

Сәлем, достарым! Қалайсыздар?! Әне-міне дегенше соңғы күнге де тіреліп қалыппыз-ау. Сіздер мені сөгесіздер, қазір. 24-шығарамын деп жүріп, бүгін осы күн деп ойлап қалсам, бүгін 25-і екенін білмей қалыппын. Әрі, ғаламтормен байланысты мәселелер де шығып қалды. Сонда да жаза берейін. Мұқалмайын. Тақалғанда тайқып кетпесем игі деп жазуға бел будым. Уақыты өтіп кетпеді ғой, иә? Сіздерден жақсы жаңалық естісем деееп.

Бірден ақталып көңіл-күйлеріңізді бұзып жіберсем айып етпессіздер. Енді массагет жайын баяндайын. 2 ай да зу етіп өте шықты. Массагетпен өткерген әр уақыт мен үшін бір үлкеен мектеп болды. Құдды лагерьге барып келгендей болдым. Массагет мен үшін талай жақсылық жасады. Республиканың әр түкпірінен достар табуға жәрдемдесті. Жай достар емес, болашақ менің коллегаларым... Әрі, нағыз өз ісінің майталманы, мықты журналист, менің үлгі тұтарым Әсел әпкемен таныстық. Әрі ол кісіден үйренгеніміз өтее көп болды. Вк әлеуметтік желісінен "Кемеңгер" атты топ ашып барлығымыз сонда әзілдесіп, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, біріміз білмегенімізді екіншіміз жалғап, сырласып, сыйласып достасып кеттік. Қазақ тілінің грамматикасына да шолу жасап, әр түрлі керекті афоризмдерімізді өзімізге түртіп алып, үтір, сызықша қалай, қай жерге қойылатынын бірге талдадық. Арнайы тапсырмалар беру барысында да, блог жазу барысында Әсел әпкеміз бағыт-бағдар беруден шаршамады. Ұстаз болғым келген деп едіңіз ғой. Міне, 10 оқушыға жақсы ұстаз бола білдіңіз.

Алдыма қойған мақсаттарыма түбегейлі жеттім деп айта алмаймын. Биылғы Ұбт өзгеруін күтіп мақсатымды өзгертуді ұмытып та кетіппін. Айтылған тарих пен қазақ тіліне деген дайындық жұмыстарын жасамадым. Бастапқыда тарихтан 7-сыныпқа келіп тірелген едім. Кейін басқа тапсырмалар барысымен оларды орындай алмадым. Мақсат жартылай орындалды. Жартылайдың басымы... Кітап оқу, әңгіме жазу, өлең жазу, мақала жазу, сұхбат, стендап, яки журналистикаға жарамды жазба жазу бұл мақсаттарым түбегейлі орындалды. Болашаққа басқаша көзқараспен қарап, жаңа армандар мен мақсаттарымды құруға көмектескен Массгетім саған алғыс. Сен арқылы биікке жетемін.



Бөлісу: