Массагет Республикасы
блог
Ғаламтор мемлекетіне қарасты Массагет автономиялы республикасы өмір сүреді. Басқаратын – Ербол Молдажанов. Массагет Республикасының 4 штабы бар. 4 штабқа қаламы қарымды қаламгерлер жетекшілік жасайды. Олар Әсел Асанова бастаған келешегі кемелді «Кемеңгерлер», Айымгүл Оралқызы жетекшілік ететін «Ғарыш». Және де енді бас көтеріп,ірге тасы жаңадан қаланған «Арша» мен «Бастау».Бұл штабтарға Марғұлан Ақан мен Жандарбек Жұмағұлов жетекшілік жасайды.
Бұл – бөлек әлем! Мұнда жастар өзара сайысып емес,бір-бірлерін шыңдауда. Ұялыдан басталған таныстықтың ұлы достыққа жалғасатынына сенімім мол! Алдағы айқын мақсатқа жету үшін талпыныс жасап жүрген замандастарға дән ризамын.Басымызды біріктірген осынау әлемге һәм Ербол ағаға, жанашыр аға-әпкелерімізге мың мәрте алғыс! Бұғанасы берік мемлекеттің ғұмыры ұзақ болғай!Мұндағы әр тұрғынның тарихта өз қолтаңбасы қалатынына да сенемін!