Маңғыстау облысында "Менің Қазақстаным" байқауы өтті

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, Отанын, елін, сүюге тәрбиелеу мақсатында «Менің Қазақстаным» облыстық байқауының Қарақия, Мұнайлы, Бейнеу аудандарында және Жаңаөзен қаласында іріктеу кезеңдері өткізілді. Байқауға 6 мен 17 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, өз бақтарын сынады. Байқау алты жанр бойынша өтті. Барлық қатысушы жастардың өнерлерін бағалау мақсатында қазылар алқасы тағайындалып, қатысушылардың өнерін сарапқа салды. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.



Бөлісу: