Мақсатыңа қалай жетіп жатырсың, досым? (байқау)

     Сәлем достар! Сіздермен тағы да жұздескеніме қуаныштымын. Шырайлы Астананың туған күн құтты болсын. Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. 

     Сонымен, менің My target... атты блогыммен танысқан боларсыздар. Онда мен өз мақсаттарым туралы суреттер арқылы жеткізген болатынмын. Егер көрмеген болсаңыздар танысып шығуларыңызды өтінемін.

     Өздеріңіз білетіндей мен Массагетке жас қатысушылардың бірімін. Қатыса салып байқау жарияланатынын білген жоқпын. Сондықтында сәл кешігіп жатырмын. Бірақ мен тез жүретін адаммын, сондықтанда мақсатыма айқын жететініме сенемін.

   Мен өз мақсатыма былай жетіп жатырмын↓

     Айта кететін жайт, мен бұл мақсатыма маусым айында қолға ала бастағанмын. Ал байқау жақында жарияланды. Сондықтанда маусымда айында жеткен жетістіктеріммен бөліскім келеді.

    Бұл Lingualeo сайты. Егер білетін болсаңыз, онда керемет. Білмесеңіз, онда алдына ағылшынша үйренемін деп мақсат қойғандарға ұсынар сайтым.

     Бұл менің парақшам. 15 уровенге жеттім.

Менің мақсатым Ағылшынша үйреніп саяхатқа шығу. 17%

1 сағат бұрын менің қайталануға тиіс сөздерім. 438

Орташа есеппен алғандағы көрсеткішім. 30 сөзден жаттығып тұрасың.

Айта кеткенімдей мен маусымда айында кірісіп кеткен болатынмын. Енді маусымда айында жеткен жетістіктеріме тоқталсам. 

1) "You re hired" videous атты курсты аяқтап шықтым.

2) Грамматикалық курс. Бұл курсты оқу үшін, 5 күн қатарынан кіріп Алтын статус алуың қажет. 

Present simple курсын аяқтадым. (Тек бір күн беріледі.)

Ары қарай жылжу үшін Алтын статус қажет. Бірақ белгілі бір себептермен қалып қойдым. Бірақ қайта тырысып жатырмын. 

Мен ендігі алдыға жүремін. Бұл менің жалғыз жұмысым (сайтым) емес. Әлі талайы бар. Тек өзіме тиімді ,әрі ұтымды жағын пайдаланып сіздермен бөлістім. Массагетпен бірге мақсатымызға жетейік! Алға Эрудит!!!



Бөлісу: