Мақсатың айқын болса.....(Байқау)

Мақсатың айқын болса.....(Байқау)
жеке
блог

Мақсат арманға жетудің ең басты кепілі.Расындада мақсаттарыңды айқындап алсаң жетістікке жетуде соғұрлым оңайырақ болады және жоспармен қимылдар болсаң міндетті түрде ойыңдағының бәрін жүзеге асады.Ендеше менің ең алғашқы мақсатым өмірімдегі ең алғашқы күрделі сынақ Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жоғары балл жинап арман қала Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университтетіне түсу.Ол үшін күнделікті уақыттымның 3 сағатын арнау,Тесттер жаттау,талдау,оқу.Және миға жиі жаттығу жасау болмақ

Ал екінші мақсатым сол сіздер секілді ағылшын тілін жетік меңгеру .Себебі қәзіргі таңда жұмысқа орналасу үшін оз тіліңнен көрі өзге тілдің мәртебесі биік,абыройы асқақ  болып тұр. Ол үшін маған міндетті түрде Жетекшімнің көмегі өте қажет.Ал өзім үйден жаттығулар орындап ,жиі ағылшынша кино көріп ,музыка тыңдауға тырысамын.

Үшінші мақсатым болашақ мамандығым журналистикадан қабілеттілігімді арттыру ,шыңдау.Ол үшін ауылымдағы ,әлеуметтік желімдегі тәжірбиелі мамандармен ой бөлісу сабақ алу ,ақыл сұрау және кітап оқитын уақытымды көбейте түсу.Мен үшін топтық жеңістің маңызы тек өзім үшін ғана емес өзгелер үшін де қуанып ұйымшылдықта болу.Байқауға қатысқандағы мақсатым уақыттымды текке өткізбеу,рухани азықпен ауқаттанып жүрген жаңа орта,достар табу.Әрине басты мақсатым Алға қойған жоспарларымды орындау Массагетпен мақсатыма бірге жету.Мен күтетін нәтиже ҰБТ дан 120 дан жоғары балл жинау,ағылшыннан ауыз екі тілдесе алатындай дәрежеге жету.Осы екі мақсатыма жетсем Жүрегімнің қалауы журналистика шыңына өрмелеу оңайлай түсетіндей