Мақсатыма сіздермен бірге жетемін! (байқау)
блог
Мақсатым көп-ақ. Соның басты үшеуін сіздермен бірге жеткім келеді. Массагеттің маған, менің оған беретініміз көп секілді.
Менің мақсатым ағылшын тілін үйрену. Себебі мен шетелге барып оқығым келеді. Содан соң, шетелдік адамдарға Қазақстанның салт-дәстүрін таныстырсам деймін. Мен ағылшын пәнінен жақсымын. Сондықтан, ағылшын тілін меңгергім келеді.
Менің екінші мақсатым – тағам әзірлеп үйрену. Келешекте көптеген атғам түрлерін жасап үйренсем деймін. Тағам әзірлеу маған қатты ұнайды. Көбінесе, құймақ (блины) әзірлеймін.
Ал үшінші мақсатым – анам секілді тігіншілікті үйренсем деймін. Менің анам тігін тігеді. Журналистика саласы мен тігіншілікті қатар алып жүргім келеді. Өскенде тігін цехын ашып, мақсатыма жеткім келеді. Міне, менің осындай мақсаттарым бар...