Сәлем достар! Осы мен сүйікті массагетіме шексіз алғысымды білдіремін. Массагетім арқылы мақсаттарыма жете білдім. Алдыма қойған мақсаттарыма жеткеніме қуаныштымын. Айтарлықтай өз шашымды әдемілеп өруді үйреніпалдым. Енді тағам әзірлеуді жетік меңгеріп алсам,қуаншымда шек болмас. Мен мақсатыма жету жолында бүгін "7" деп аталатын салат жасадым. Ол үшін бізге:
Қияр
Шұжық
Майонез
Аскөк
Жұмыртқа
Сәбіз
Картоп
Алдымен аталған көкөністерді үккіштен өткізіп аламыз.Содан соң рет бойынша шұңғыл ыдысқа саламыз.Реті:
Аскөк→майонез→жұмыртқа→майонез→картоп→майонез→қияр→майонез→сәбіз→майонез→шұжық.
Шұңғыл ыдысқа салынған соң оны жаймен тәрелкеге аударамыз.Дайын.