Мақсатыма жетелер баспалдақ! (Байқау)

Сəлеметсіздер ме, Массагет оқырмандары!

Менің есімім Кəрім Айнəзік. БҚО Ақжайық ауданы Жұбан ауылында дүние есігін аштым. Ауылым ақын өскен жер болғасын ба, əлде құлағыма Жұбан атамыз жайында құя берген соң ба, сүйікті тұлғам да, үлгі тұтар тұлғам да Жұбан Молдағалиев! "Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді" дегендей ақын атамның аты өлмек емес! Қайда барсамда "Жұбан еліненмін!" деп мақтана айтып жүремін! Ақынның негізгі ұстанымы-шындық болса, менің ұстанымым-ешқашан өз армандарынды кейінге қалдырмау! Яғни, өз арман-мақсатына жету жолында еңбектену, талпыну! Біз ешқашан қазіргідей жас болмаймыз, сондықтан əр күніміз бен мүмкіндіктерімізді дұрыс пайдалануымыз керек! Алла биікке ұмтылғандарға қанат береді!

Менің хоббиім музыка тыңдау жəне ас əзірлеу. Көбіне классика мен Моцарт шығармаларын сүйіп тыңдаймын! Сонымен қатар Бердібек Соқпақбаев пен Төлен Əбдіков кітаптары жаныма жақын. Бос уақытымда аулаға шығып, əткеншекке отыра көк аспанға артынан із қалдыра ұшып бара жатқан ұшаққа көз саламын, тіпті əдетке айналған. Біз қала шетінде тұратындықтан аэропортқа бағытталған жəне ұшып шыққан ұшақтарды күніне 6-7 рет көруге болады. Ұшаққа қарап, арманның тұңғиығына батып кетемін! "Менде бір күні осы ұшақтың ішінде боламын! Алматыға барамын!" деп ішімнен тіл қатамын. Байқауға қатысып отырған себебімде осы! Арманыма жо-жоқ мақсатыма жетелер баспалдақ! ҚазҰУ! Мақсатым-журналист болу! Болашақта жан-жақты, білікті маман болып Қазақстаныма еңбек еткім келеді. Иə, оңай емес! Талпынамын, еңбектемін! Ал Массагет мақсаты айқын жастарға үлкееен мүмкіндіктер тудырушы!  Жалпы байқауға келер болсақ, оқушылардың уақытын пайдалы жұмсауға, мақсаттарына жетуге таптырмас көмек! Жалғыз емес, жетекшілермен, жаңа таныстармен! Барша қатысушыларға жəне Ғарыш тобына сəттілік!



Бөлісу: