Мақсатым шындыққа айналды (байқау)
блог
Сәлеметсіздер ме? Мен сәл кешігіп жатырмын. Басқа қалада жүргендіктен қолым босамай жатыр. Бірақ уақыт тауып Массагет сайтына жазып жатырмын.
Менің негізгі мақсатым ағылшын тілін үйрену болатын. Бірақ бұл мақсатымның шындыққа айналатынын білген жоқпын. Айтайын дегенім, колледжге түсу үшін ағылшын тілі мамандығын таңдадым. Экзаменге небәрі 10 күн қалды. Сондықтанда дайындықты күшейтуге тура келді, уақытым тым аз. Алдымен керекті деген кітаптар сатып алдым. Үй репетиторы және тест тапсырмалары. Жолдас ағайдан көмек сұрадым. Ол кісі барынша көмектесетінін айтты. Мен осы уақытқа дейін интернет онлайн ретінде ғана дайындылып жүрген болатынмын. Олардың барлығы орысша болғандықтан қазақша қиындық тудырып жатыр. Бірақ мойымауға болмайды. Барынша тырысамын