Мақсатым мені шығарар биік шыңға! (байқау)
блог
“Армансыз адам қанатсыз құспен тең” демекші әр адамның жүрегінің түбінде жатқан асыл арманы болады. Армандай білу де ұлы даналық, себебі арман өмірге қызықтырады, оны сұлуландырады, өмірді алға ғарыштатады, өрге тартады. Арман биік тау. Сол тауға шығу үшін көп еңбектену қажет. Асыл арманыңа жету үшін алға мақсат қоя білу өте маңызды. Адамның мақсаты болмаса ештемені де тындыра алмайды.“Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң , алға басу да жоқ, тірлікте жоқ” деген Лев Толстойдың сөзі алдыма мақсат қоюда өз септігін тигізді. Менің мақсаттарымның ерекшелігі барлық мақсаттарым денсаулық сақтау жолында жүргізілмек, дәрігер болуды кішкентай кезімнен армандайтынмын. Ал қазір сол армандар орындалатын сәтте келіп жетті деп ойлаймын.
Осылайша осы 2 айда орындауға тиіс алдыма айқын мақсаттар қойдым. Нәтижелерін өздеріңізбен бөлісіп тұрамын.
Осы жазда алдыма қойған мақсаттарымның алғашқысы Саийд Юлдаш әлі Құрайыш қажының “Мен - емшімін” атты кітабын оқу. Кітап оқу барысында пайдалы кеңестермен, қызықты әңгімелермен бөлісіп отырамын. Көптен бері ойымда жүрген келесі мақсатым, арманымның бір бөлігі деуге де болады ол псориаз ауруына қарсы дәрілік өсімдіктерден дәрі жасап көру. Тәжиірбем оң нәтижесін берсе жақсы болар еді..
Табиғаттың өзі жасыл дәріханағой... Кез-келген аурудың дауасын табиғаттан тауасың. Маған фитотерапиямен халықтық медицина көбірек ұнайды. Сондықтанда өсімдіктерге қызығамын. Келесі мақсатыма келер болсам өсімдіктердің жаңа түрлерінен дәрі жасап көру. Бұл мақсатыма жету жолындағы жұмыстарымды видео көрсетілім арқылы өздеріңізбен бөлісіп отырамын.
Қайырымдылық – қадірлі іс! демекші жақсылыққа бүйрегім бұрып тұрады. Осы жазда өзім тұратын ауылымдағы жастармен бірлесіп жалғыз басты қарттарға көмектесіп, денсаулықтарын жақсартуға кішкене болсада үлесімді қосқым келеді. Бұл менің мақсаттарымның тең жартысы болатын...
Келесі мақсатыма келетін болсам аға-әпкелерімнің ақылына жүгіне отырып ҰБТ-ға қазірден бастап дайындық жүргізе бастадым. ҰБТ-ға дайындықты “ҰБТ-ға дайындықты техникалары” атты кереметтей кітаптан бастағым келіп отыр. Кітаптағы біліміңді жетілдірудің тың жолдарын өздеріңізбен бөлісе отырамын.
Менің соңғы мақсатым... Алғашқы блогымда өзімнің әуесқой фотограф екенімді айтып өткенмін. Осы жарысты пайдалана отырып өзім тұратын Жуалы өңірінің әсем табиғатын фотосуреттер жинағы арқылы көпшілікке көрсеткім келіп отыр.
Арман мен мақсат егіз ұғым сияқты... Мақсат болмаса құр армандағаннан пайда жоқ.
“Адамды адам еткен еңбек” арман мақсаттарыңызға жету жолында көп еңбектеніңіздер!
Мақсатыңа Массагетпен бірге жет! Байқауында мақсаттарыңызға жету жолындағы еңбектеріңіздің нәтижелерін көресіздер деген ойдамын.