Мақсаттың айқын белгісі

Мақсаттың айқын белгісі
жеке
блог

Ағылшын тілін теңгеру қазіргі заманның талабы. Көп білгеннің айыбы жоқ, пайдасы көп. Сондықтан, мүмкіндік барда білімімізді тереңдету өз қолымызда.

Қиындықсыз ештеңе келмейтіндіктен, еңбектеніп жетістікке жетуің керек. Соны алға тарта отырып мақсатымның айқын бейнесі ретінде ағылшын тілін үйренуді мақсат еттім.

Көптеген сайттар арқылы, видео нұсқалар арқылы ағылшын тілін үйренудемін. Есімде жақсы сақталып қалу үшін, бірнеше мәрте қайталап, дәптеріме түртіп аламын.

Төте жазуды үйрену, білімімді тереңдету. Жетекшімнің арқасында әліпбиді үйреніп, тапсырмалар орындау үстіндемін. Көмек керек болса қол ұшын созып, білмегенімді үйретіп жүрген жетекшіме үлкен рақмет!80

вики

Аспаз болу әр қыз баланың арманы деп ойлаймын. Қолынан бал тамған аспаз болып, ұсынған тағамың халықтың көңілінен шықса нұр үстіне нұр болар еді.

Бүгін ұсынбақ тағамым өте дәмді әрі жеңіл жасалады.

"Жемісті балмұздақ"

2 дана киви;

1 дана апельсин;

Балмұздақты арнайы қалыпқа жасаймыз. Егерде арнайы қалып болмаса, сусын ішетін ыдыспен жасауыңызға болады.

Алдымен, жемістерді жуып, тазалаңыз. Кивиді бірнеше бөлікке бөліп, блендерге салыңыз. 

сера

Содан соң кивиді езбеге айналғанша араластырыңыз.

киви

Қоспаға апельсинді сығып, араластыруды тоқтатпаңыз.

кивиҚоспа дайын болғанша араластырыңыз.

киви

Енді, дайын болған қоспаны қалыпқа құйып, мұздатқышқа салыңыз. Дәмін татып, бағасын беріңіздер. Ыстық күнде салқын балмұздақ жеп, көңіліңізді көтеріңіз. курам

Асыңыз дәмді болсын!