Мақсаттарыма алғашқы қадамым (байқау)

Мақсаттарыма алғашқы қадамым (байқау)
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, менің достарым! Мен сіздермен өзімнің мақсаттарыма деген алғашқы іс-әрекеттеріммен бөлісем деймін. Іс-әрекеттерімді айта кететін болсам:

Менің алдыма қойған ең үлкен мақсаттарымның бірі, ол - ҰБТ. Бұл мен үшін үлкен сынақ жәнеде арманыма жетудің бірден бір жолы. Мен ең бірінші осы сынақтан сүрінбей өтуге бар күшімді салудамын. Сол үшін мен ҰБТ-ға деген дайындықты бастап кеттім... Мен дайындықты ең бірінші "Тарих" пәнінен бастағанды жөн санадым. Тарих пәнінен бастаған себебім ол менің арманыма тікелей қатысы бар пән. Тарихтан керек құралдарды алдым соның ішінде маған қазір көмегі тиіп жатқан "Қазақстан тарихынан әдістемелік-анықтамалық нұсқау" кітабы. Ол кітапта біздің 6-7-8-9 сыныпта өткен тақырыптардың барлығы дерлік қамтылған. Сол себепті болашақ талапкерлерге тарихтан осы кітапты алып дайындалыңыздар дегім келеді. Тарихтан 6-7-8-9 қайталап қана қоймай тесттер тапсырудамын. Нәтижесін келесі аптада айта жатармын. Ал әрі қарай дайындықты үдете түсуім керек. Себебі барлық пәнді қамтып арманыма, мақсатыма қол жеткізе алуым тиіс. Олай болса мен дайындығымды жалғастырайын. Ал сіздерге тесттің қорытындысы шыққан соң жария етемін.