Мақсатқа жету жолында...(Байқау)

     Бүгінгі блогымды мақсатқа жету үшін қандай әрекеттер жасап жатқаным жайлы сіздермен бөліспекшімін. Мақсатыма әр апта байқау қатысушыларымен бірге бір қадам жақындап жатырмын. Жазғы демалыс уақытымда жұмыс істеймін. Ата-анама ақшалай көмек болсын деп. Енді мен жұмыс істей алмайтын кішкентай қыз емеспін. 1 жылдан соң үлкен өмірге аяқ басқалы отырмын. Яғни студенттік өмірге. 
          Күніге 1-2 сағат уақытымды тренировқаға арнаймын. Кешке стадионға барып, жарты сағат жүгіремін, тағыда жарты сағат аяқ-қолға, мойынға арналған жаттығулар жасаймын. Денем қыздырылған соң шпагат ашамын. Аяғымды жоғары көтеріп маэ-гери, ушира-гери және маваси-геримен жоғары тебемін. Осылай күніге 1-2 сағат уақытымды тренировкаға арнаймын. Біздің каратэ "Mix Combat" федерациясының құрамында. Спорт-денсаулық кепілі. Жарыс кезінде көптеген мықты спортшыларды көрдім. Күрес алаңына (татамиға) шыққанда 1-2 премдармен талдырып, жеңіске жетіп жатқандары да бар. Ғажап! Себебі былай жеңіске жету өте қиын. Республикалық "Чемпионат-Қазақстан", "Кубок-Қазақстанда" осындай жарыстарға куә болдым. Менде осылай жеңіске жетсем екен! Әрине оған шыдамдылық керек.

      Қыздарға каратэ, таэквандо, т.б. қатысудың не керегі бар деп ойлап отырған шығарсыздар. Адам баласы болғандықтан тек бір бағытта емес, жан-жақты болған дұрыс. Спорттың бұл түрімен айналысуымның себебі өз-өзімді қорғай білу үшін, бірінші байлық-денсаулық болғандықтан, денсаулығымды нығайту үшін. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. 12 мүшеміз сау болғандықтан бізге берілген мүмкіншіліктерді дұрыс пайдалана алуымыз керек.


Келесі блогым жаттығу алаңынан болады...



Бөлісу: