Мақсатқа жету жолында (байқау)

Сәлем достар! Бұл блогта мен алға қойған мақсатымнның қалай орындалып жатқаны туралы жазып отырмын.

Әрбір мектеп оқушысының ең бірінші мақсаты ҰБТ-тен жоғары балл алу. Менің де алғашқы мақсатым ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, жоғары балға қол жеткізу. Ол үшін мен өзіме керекті оқулықтарды сатып алдым. Әр пәнге дайындалу үшін арнайы уақытты бөлдім. Ал бос уақытым бола қалса тарих оқимын немесе ағылшын тілінен сөздік қорымды толтырамын. Математика пәніне неғұрлым көп көңіл бөлуге тырысамын. Себебі математика пәнінен кімге болсада қиын әрі күрделі келеді.

Алға қойған мақсаттарымның бірі ағылшын тілін үйрену болатын. Ол үшін мен арнайы ағылшын тілі курсына барып жүрмін әрі жетекшім Нұрбол ағай көмегін тигізуде. Ағылшын тілін үйрену маған онайға тиіп жатқан жоқ. Жаттаған сөздерімді тез ұмытып қала беремін. Сол себепті ұмытпас үшін арнайы сөздік дәптер арнадым. Оған қосымша ағылшын тілінде кино көріп, ән тыңдап жүрмін. Ағылшын тілін өз еркіммен үйреніп жатқандықтан, уақыты келе тез үйреніп аламын деген ойдамын.

Үшінші мақсатымда мен араб пен кәріс тілін үйренуге бел буғанмын. Араб тілін үйренуге арналған кітабым да бар және ғаламтор жүйесін көп пайдаланамын. Ал кәріс тілін меңгеру үшін сол ғаламтор жүйесінің көмегімен оқудамын. Менде кәріс тілінде оқулықтар болмасада осы тілді үйренгім келеді. Келесі блогымда барлығын толыққанды етіп беруге тырысып бағамын.

 

 

 



Бөлісу: