Мақсат - тұлға қалыптастырушы

Мақсат - тұлға қалыптастырушы
жеке
блог

Əне-міне дегенше жазғы демалысты да шығарып салып, күзге қарай күлімдеп барамыз. Осы уақыт ішінде "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауы маған екінші рет құшағын жайып, өзіне қарай шақырды. Мен де тартынбай келіп қалып, онымен бірге уақыт өткіздім. Оның да аяқталар сəті жетіпті. 

Сонымен, мен мақсатыма қаншалықты қол жеткіздім? Қалай жеттім? 

1. Қазақстан тарихы пəні курсын аяқтап, меңгеріп шықтым: бұл 54 пайызға дейін орындалды. Мұның өзі де байқаудан келген үлкен жеміс.

2. Ағылшын тілін үйрену: Бұл - бəрінің басында бар жыр ғой, əйтеуір. Көрсеткішім - 48 пайыз.

3. Əңгіме жазу: бұл - менің хоббиім ғой. Ең үлкен жетістігім - осы. Жазған шығармаларымды жарияламасам да, оны алда көре жатырсыздар. Сонымен, жазған туындыларым - "Нашақор", "Жер астында жолыққандар", "Оның соңғы жылы". Осылардың ішінде қатты ұнатқаным - "Оның соңғы жылы". Мазмұнын кейін жазармын. Мақсат 84 пайызға орындалды.

Жалпы қорытынды, мен байқаудан көп нəрсе үйрендім. Өткен жылы осы байқаудың арқасында сайтқа таныла бастадым, өз стилім қалыптасты жəне өзіме оқырмандар, достар таптым. Мақсатым 76 пайызға дейін орындалды. Биылғы жылы да дами түстім деп ойлаймын. 

Достар, сіздер де сайттан қол үзбеңіздер!