Мақсат-жетістік желкені

Мақсат-жетістік желкені
жеке
блог

           Лев Толстой:" Арман-жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басуда жоқ, тірлікте жоқ" деп айтқанындай менің армандарым, алдыма қойған мақсаттарым көп. Ал арманды орындау ешқашан кеш емес. Құдай кім армандаса соған үміт сыйлайды. Кім сенсе, соған ғажайып сыйлайды. Бастысы-сену. Ұлы шешімнің бастамасы-өзіңе деген сенімділікте жатыр. Мына өмірде уақытымызды босқа өткізбей, алдымызға нақты мақсат қойып, сол мақсатымызға жету үшін талпынып, пайдалы жұмыспен айналысуымыз керек. Жоғалтқан уақытты кері қайтара алмаймыз.    Бойымыздағы қабілеттерді іске асырып, ертеңгі күні босқа кеткен уақытымызға "әттеген-ай" деп қалмауымыз керек.

       Мен өзім 2018 жылғы болашақ жас түлекпін. Міне, сол себепті де ҰБТ-ға жақсылап дайындалуым керек. Мен аудармашы болуды алдыма мақсат етіп қойдым. Тек ағылшын тілінде емес, бірнеше тілді меңгеріп, аударма жасауды жоспарлап отырмын. Сол себепті 2 шет тілін таңдадым. ЖОО-да ағылшын және кәріс тілінде оқу ниетім бар. Егер мүмкіндігім болып жатса, француз тілінде қосып үйренсем деймін. Қазір мен кәріс тілінің әріптерін білемін. Қиналмай еркін оқи аламын.Ағылшын және кәріс тіліндегі сөздерді жаттап, сөздік қорымды көбейтуім керек. Бұл менің бірінші мақсатым. Тіл білген адам ешқашан қор болмайды. Қазақстан көптеген елдермен экономикалық жағынан қарым-қатынас жасайды. Осындай дамып жатқан елге тек қана кәсіпкерлер ғана емес, аудармашыларда ауадай қажет.
         Екінші мақсатым: Өзім каратэге қатысамын. Бірақ белгілі себептермен спортты кеш бастадым. Мостик жасай аламын, алайда шпагатка толық отыра алмаймын. Жарыс кезінде аяғымды жарақаттап алып едім. Өзім каратист болып, шпагатқа отыра алмауымды өте ұят деп есептеймін. Осы 2 айдың ішінде шпагатымды толық аша алсам екен. 


         Үшінші мақсатым: Музыкалық аспапта ойнау арманым. Әсіресе гитарада. Сол себепті осы байқау барысында гитара тартуды үйреніп, мақсаттарым орындалса екен!


              Джим Рон: "Егер сіз қойылған мақсаттарыңызбен жұмыс жасасаңыз, сіздің мақсаттарыңыз кейін сізге жұмыс жасайтын болады" деп айтқан.